24 Шілде, 2010

Тарифтердің дұрыстығы – береке

543 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Жуырда Табиғи монополиялар­ды реттеу агенттігі (ТМРА) Маң­ғыстау облысында жұртшылық өкіл­дерімен кездесу өткізіп, Ел­ба­сының биылғы Жолдауына сәйкес ресурстарды үнемдеу және халық­тың әл-ауқатын арттыру мақса­тында сумен жабдықтау қызме­тін­дегі және электр энергиясын жет­кізудегі дифференциалды тарифтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға ТМРА төрағасы Н.Алдабергенов, облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің, сарапшылар кеңесінің, қоғамдық бірлестіктер, ПИК және табиғи монополия субъектілерінің өкілдері қатысты. Жиында суды және электр энер­гиясын үнемді пайдалануға ба­ғытталған, шикізат, материалдар шы­ғындарының нормаларын оң­тай­ландыру, реттелетін нарық субъек­тілерінің инвестициялық мін­деттемелерін орындауына ба­ғыт­талған дифференциалды тари­фтердің тетіктерін енгізу мәсе­ле­лері, тариф құру және тарифті қол­дануға қатысты талас тудырып жүрген мәселелер талқыланды. Сумен жабдықтау қызметіндегі дифференциалды тарифтер жөнінде Бүгінгі таңда дифференциалды тарифтер тұтынушылардың топ­тары бойынша 14 өңірде енгізілген, соның ішінде Маңғыстау облысы да бар. Дифференциалды тарифтерді енгізу нәтижесінде су арналары республика бойынша кірісті 12,5 млрд. теңгеге көбейтеді. Табиғи монополиялар және рет­телетін рыноктар туралы заң­на­маға 2010 жылғы наурыз айында енгі­зілген түзетулерге сәйкес ағым­дағы жылдан бастап суды үнемдеуді қа­рас­тыратын тұрғындардың тұты­­­ну көлемі бойынша сумен қамта­масыз ету қызметіне дифферен­циал­ды тарифтерді енгізу бойынша дайын­дық жұмыстары жүргізіле бастайды. Жеке тұлғаларға арналған тұ­ты­ну көлемдері бойынша диффе­рен­циалды тарифтерді енгізуді іске асыру келесідей жоспарланады: – 2010-2011 ж.ж. – дайындық кезең; – 2011ж. – 2 деңгейлі толық енгізу; – 2012-2013 ж.ж. – 3 деңгейлі тарифтер жүйесін енгізу. Сонымен, әлемдік тәжірибе көр­­сеткендей, сумен жабдықтау қыз­метіне ең көп таралған тариф­тер Калифорния штатында, Қытай, Австралия, Сингапур, БАӘ-де 3 дең­гейлі дифференция болып табылады. Сонымен бірге Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәліметте­ріне сәйкес, су ресурстарының қо­ры шектеулі: Қазақстанның жер асты су қорының көлемі 17,4 млрд. тек­ше метр бола тұра, жылдық су тар­ту 1,3 млрд. текше метрді құрай­ды, жер үсті суының жылдық сар­қыны 42,6 млрд. текше метр дең­гейде бола тұра, жылдық су тарту 19,2 млрд. текше метрді құрайды. “Тұтыну көлеміне байланысты суға дифференциалды тарифтерді қолдану суды артық шығындауды болдырмауға және тұтынушыны суды және өз қаражатын үнемдеуге ынталандырады”, – деп санайды ТМРА төрағасы Н.Алдабергенов. Электр энергиясының дифференциалды тарифтері жөнінде Агенттіктің қуат жинағының жұмыс нәтижесі 2008 жылы рес­пуб­ликаның барлық өңірлерінде электр энергиясына тәулік бой­ын­ша енгізілген дифференциалды та­риф­тері және 2009 жылы елдің 15 өңі­ріндегі тұтыну мөлшерінің жағ­дайы­на байланысты болды. Дифференциалды тарифтерді ен­гізу мақсаты – энергия тұты­ну­ды үнемдеу және тұтынушылардың қаражатын үнемдеу. Тәулік бойынша дифферен­циал­ды тарифтерді енгізудің эко­но­микалық әсері, мысалы, Алматы қаласында 564 млн. теңгені құрады, Маңғыстау облысының тұтынушы­лары үшін 5 млн. теңге болды. Тұтыну көлемі бойынша диф­фе­ренциалды тарифтерді енгізу әсері Астана қаласында 43 млн. тең­гені құрайды, Алматы қаласы бойынша 240 млн. теңге, Маң­ғыс­тау облысы бойынша жылына 16 млн. теңге болады. Қазір Қазақстанда тұтыну көле­міне байланысты электр энергия­­сы­на 2 деңгейлі тарифтер диффе­­рен­­ц­ия­­сы жұмыс істесе, әлемдік тәжіри­бе­де тұтынылған электр энер­гия­сы­на 3-тен 6-ға дейінгі тө­леу деңгейі қолданылуда. Мысалы, Гонконг қаласында – 3 деңгейлі, Шан­хай қаласында – 4 деңгейлі, Оң­түстік Кореяда – 5 деңгейлі, Египетте – 6 деңгейлі, БАӘ-де – 4 деңгейлі. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, дифференциалды та­рифтер тетігін әрі қарай тереңдету үшін және қуат жинағына эконо­микалық ынта жасау мақсатымен 2010-2011 жылдары тұтыну көлемі бойынша электр энергиясына 3 дең­­­гейлі дифференциалданған та­риф­терді енгізу жөніндегі дайын­­дық жұмыстары жүргізіледі. Стратегиялық жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру шеңбе­рінде Агенттік орта және ұзақ мер­зімді тарифтер бойынша жұмыс іс­тейтін табиғи монополиялар субъек­тілерінің (ТМС) санын арт­ты­ру арқылы коммуналдық желі­лер­ді жаңғыртуды қарастыруда. Бүгінгі таң­да 82 базалық ТМС ішінде орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша 21 ТМС жұмыс істеуде. Сөйтіп, тұтынушылар үшін тұ­рақтылық және тарифтерді болжау, активтерді жаңғыртуға инвестиция бөлу есебінен қызмет сапасын арттыру қамтамасыз етіледі. Қуат жинақтау бойынша жұмыс шеңберінде Агенттік электр, жылу энергиясы, газ және судың ысы­рап­тарын төмендету және норма­дан тыс ысыраптарын жою бой­ынша іс-шаралар жүргізуде. Со­нымен, Маңғыстау облысында 2009 жылы нормадан тыс ысы­рап­тар сумен жабдықтау саласында 100% жойылды, нормативтік ысы­раптар 7,6% қысқартылды, электр энер­гия­сы саласында нормативтік ысы­раптар 1,1%, жылумен жабдық­тау саласында 1,4% қысқартылды. Барлығы: нормадан тыс ысыраптар 178,503 млн. теңгеге, ал норма­тивтік ысыраптар 51,5 млн. теңгеге қысқартылды. 2010 жылғы 22 қаңтарда Елба­сының қатысумен өткен жиынның хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында тұтынушылардың мүд­делерін қорғау шеңберінде, табиғи монополия субъектілерінің есепте­рін қарастыру бойынша энергия генерациялау кәсіпорындарының ин­вестициялық міндеттемелерін орындау туралы жұмыс топтары құрылды. Соған байланысты Ақтау қаласында ТМРА облыс әкім­дігімен бірлесе отырып, “МАЭК-Қазатом­­пром” ЖШС мен “МРЭК” АҚ-тың инвестициялық міндетте­ме­лерін орындау туралы есебін тыңдады. Сонымен қатар “МАЭК-Қаз­атом­пром” ЖШС-ның электр энер­гиясына сараланған тарифтерін ен­гізу нәтижелері туралы, “Су өн­діру және тасымалдау басқармасы” ЖШС-ның тұтынушылар тобы мен тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтеріне көшу туралы, “ТВСиВ” МКК-ға нормативтік ысыраптарын төмендету және нормативтен тыс ысыраптарын жою бойынша қолда­нылатын ша­ралары туралы табиғи монополия субъектілерінің баянда­малары тыңдалды. “Егемен-ақпарат”.