Сондай-ақ, ол Еуразия құрлығының көне әрі беделді қалалары қатарындағы Қазанның орталық көшелерінің біріне Қазақстан Президентінің есімін беру шын мәнінде ауқымды әрі маңызды оқиғалар санатынан екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, таяуда Мәскеу қаласында «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты жаңа кітаптың тұсаукесері болып өткенін, онда Ресей Президенті В.Путиннен бастап елуден астам ресейлік мемлекет және қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлері Қазақстан Президенті жайында тұшымды пікір білдіргенін еске салды.
«Біздің салтанатты шарамыз Достық үйінде өтуінің нышандық мәні бар. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлының ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту, ұлтаралық келісімді сақтау бағытына қосқан зор үлесі БҰҰ, ЮНЕСКО тараптарынан өз бағасын алған болатын. Шындығында да, біздің халықтарымыздың бірнеше ғасырға созылған қарым-қатынасында екі ірі ұлттың, этностың арасында бірде-бір айтарлықтай қарама-қайшылықтың туындамауы тарихи нақты дерек. Осынау бейбітшілік пен келісім дәстүрі Қазақстанда да, Татарстанда да сақталып отыр», – деді Марат Тәжин.
Ал Татарстанның бұрынғы президенті М.Шаймиев өз кезегінде Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қысқа ғана уақыт ішінде әлемге танымал мемлекетке айналғанын атап өтті. «Ең бастысы, мемлекет дамуының әрбір кезеңінде Қазақстан басшылығы алға қойған міндеттер, мақсаттар толығымен орындалып келеді. Міне, бұл жайт халықтың ертеңгі күнге сенімін арттырып отыр, әрі қазақстандықтар елдің алдағы уақытта одан әрі өсіп-өркендей түсуін тікелей Нұрсұлтан Әбішұлымен байланыстырады», – деді ол. М.Шаймиевтің атап өткеніндей, қазақ пен татар арасындағы ғасырларға созылған достық, татуластық жібі әлі күнге дейін үзілмей, жылдан-жылға ширай түсуде.
«Шын мәнінде, біздердің, бауырлас екі халықтың тарихи байланыстарының арқасында әр уақытта да, тіпті, тарихшылар тарихты жадыларына жіті түсіріп, тыңғылықты қарап шықса да, ешқандай көңілге кірбің түсірер жайт орын алған емес. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін татар халқына ең бірінші болып достық қолын ұсынған Нұрсұлтан Әбішұлы болғандығын атап өткен орынды. 1996 жылы ТМД елдері арасындағы ең бірінші болып Қазақстан мен Татарстан арасында сауда экономикалық және саяси келісімге қол қойылған еді», деді Татарстанның бұрынғы Президенті.
Сонымен қатар, ол Қазақстан татардың халық ақыны Ғабдулла Тоқайға ескерткіш орнатып, мұражайын ашу, татар ақыны Мұса Жәлелге ескерткіш қою арқылы олардың есімін тарихта мәңгі қалдырғанына шынайы ризашылығын білдірді.
Бұрын Эсперанто деп аталған көшеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, аса көрнекті саяси қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріліп отыр, деді шараны ұйымдастырушылар. Сөйтіп, Қазан муниципалдық топонимика комиссиясының ұсынысы ескеріліп, Вахитов және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта көшенің мекенжай атрибутикалары өзгертілген, онда көзіңе оттай басылатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі жазулы тұр.
Әрине, өзге елден Елбасымыздың атындағы көшені көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернеп, өзіңді өз үйіңде жүргендей сезінерің рас. Бұлай деуіміздің тағы бір себебі, осыдан бес жыл бұрын Түркия астанасы – Анкараға барғанымызда, орталық көшелердің бірінде қасқайып тұрған қазақ перзентінің алып мүсінін, Қазақстан Президентінің құрметіне қойылған керемет ескерткішті көргенде өзімізді дәл осылай сезінген едік. Көшеден өтіп жатқан тұрғындардың өзі бізге зор ілтипатпен амандасып, «бұл сіздердің Көшбасшыларыңыз ғой, осындай Көшбасшысы бар қандай бақытты елдің жастарысыңдар» дегендей ниетпен, қызыға қарағандай болған...
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевты әлем таниды. Соған сай оның есімімен байланысты нысандар қатары да Қазақстаннан тыс жерлерде барған сайын көбейіп келеді. Сәл шегініс жасасақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа алғашқы ескерткіштердің бірі 2005 жылы Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында орнатылды. Ал 2011 жылы Украинаның Днепродзержинск қаласында Президент Назарбаев оқыған кәсіптік колледжде Назарбаев музейі ашылып, мүсіні қойылды.
Елбасының атына шетелден көше берілуі де бірінші рет емес. Қазіргі кезде Түркияда Нұрсұлтан Назарбаев атында төрт көше бар. 2011 жылдың сәуірінде Назарбаевтың құрметіне Невшехир қаласы көшелерінің бірін атаған. 2012 жылдың қазанында Назарбаев есімі Қыршехир қаласындағы, ал 2013 жылы Гебзе қаласындағы көшеге берілген. Соңғысы – Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы даңғыл ашылған еді. Бұл ғана емес, Чешенстанның астанасы – Грозный қаласында Назарбаев көшесі бұдан да ертерек пайда болды. 2007 жылы мұндағы орталық көшелердің біріне Назарбаев есімі берілсе, 2010 жылы Назарбаев лицейі ашылды.
Бұл аз десеңіз, Иорданияның астанасы – Аммандағы орталық даңғылдардың бірі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен аталады. Көшеге бұл атау корольдік әулеттің бастамасымен 2010 жылы берілген болатын. Ал биылғы жылдың басында ғана Нидерланд Назарбаевтың бейнесі салынған пошта маркасын шығарып, «Президент Назарбаев» қызғалдағының жаңа сортын таныстырғаны баршаға мәлім.
Елімізде Назарбаев есімімен байланысты нысандардың көп бөлігі Астанада шоғырланған. Дегенмен, Қазақстанның өзінде Назарбаевтың есімімен аталатын көше жоқ. Соңғы жылдары Астана әуежайы мен ел астанасын Нұрсұлтан деп атау жайында ұсыныстар айтылған. Алайда, Президент бұл ұсыныстарды қабылдамады. Ал шетелдегі атаулар, әрине, сол елдің біздің еліміз – Қазақстанға деген зор құрметі екендігіне дау жоқ.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Қазаннан (Татарстан).

Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Қоғам • Бүгін, 11:59
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 11:52
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді
Елорда • Бүгін, 11:40
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Спорт • Бүгін, 11:30
Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Экономика • Бүгін, 10:40
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Спорт • Бүгін, 10:35
Жұмысшы еңбек адамдары ардақталды
Аймақтар • Бүгін, 10:32