27 Шілде, 2010

Оралда жаңа орталық ашылды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жәңгір хан атындағы Батыс Қа­зақ­стан аграрлық-техникалық уни­вер­ситетінде мұнай-газ және сервис­тік технологиялар орталығы ашылды. Шетелдік компанияларда қа­зақ­­стандық үлесті арттыру, ұлттық мүддені нығайту үшін өз кадр­ла­ры­­мызды көбейту мәселесі шілде­нің 22-сінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің БҚО-ға жасаған сапа­ры барысында талқыланған болатын. Батысқазақстандық университеттегі жаңа орталық та Үкімет қойып отырған талаптар аясында екендігі анық еді. Орталықтың ашылу рәсімінде облыс әкімінің бірінші орынба­са­ры Нұрлан Ноғаевтың атап өт­ке­нін­­дей, шетелдік мамандарды ұлт­тық кадрлармен алмастыру оңай мәселе емес. Бұл үшін, ең алдымен сол жастардың өзі жан-жақты бі­лім алып, оны іс жүзінде пай­да­ла­на б­ілуі, былайша айтқанда, бә­секеге қабілетті болуы тиіс. Бұған осындай орталықтар арқылы қол жеткізуге болады.  Аталмыш ор­та­лық бас­шы­сы Ерлан Мұратовтың айтуынша, мұнда мұнай-газ ма­ман­дықтары бойынша жоо түлек­те­рі жаңа технологияларды меңге­ріп, шет тілдерді оқиды. Қазірдің өзінде 150 жас іріктеліп алынды. Болашақта құрылыс маман­дық­­тарын игерушілер де осындай мүмкіндікке қол жеткізбек. Темір ҚҰСАЙЫН. ОРАЛ.