Инвесторлар Қостанай өңіріне жиі атбасын бұратын болды. Жақында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов пен «Кaz-ir Аgro» Қазақстан-Иран компаниясының бас директоры Хамидреза Забихоллах Алинагиян арасындағы әңгіме ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жөнінде болды. Бүгінде «Kaz-Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сафлор өсіруге және одан сафлор майын өңдеп, күнжара өндіруде маманданып, жақсы табысқа жеткен. Өндіріс Жамбыл облысында орналасқан. Кәсіпорын айына 100 мың литр сафлор майын өңдейді, ал 2017 жылы компания бұл көрсеткішті 500 мың литрге жеткізуді межелеп отыр. Алынған өнім Ресейге, Грузияға, Иранға, Америка Құрама Штаттарына, Қытайға экспортталады.
Компания жұғымды әрі емдік қасиеті мол азықты Қостанай өңірінің құнарлы топырағына да егуді ойластырып, инвестиция құюға тәуекел етіпті. Бұрын егін шаруашылығы негізінен астық өндіруге бағытталған Жітіқара ауданында енді сафлор өсімдігі өсірілетін болады. Бұл үшін осы аудандағы Волгоград селосы аумағы таңдалды. Жітіқара облыстағы индустриялық аймақ құрылып жатқан аудан, сондықтан осында сафлор майын өңдейтін өндірістік база да салынатын болады. Алдын ала есептеулер бойынша, май өңдеу зауытын салу үшін 300 миллион теңге қаржы қажет. Оның 50 миллион теңгесін компания өзі салады, қалған 250 миллион теңге несие қаражаты ретінде тартылмақ. Жоспарланған жоба бойынша зауыт тәулігіне 7 тонна май шығарады, кәсіпорын жергілікті тұрғындарға 40 жұмыс орнын ұсынатын болады.
Жітіқара ауданы басшылары мен мамандары инвестормен бірлесіп жұмысты бастап та кетті.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 14:50
Алматыдағы қайғылы оқиға: Сотта жол апатының бейнежазбасы көрсетілді
Оқиға • Бүгін, 14:35
Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді
Қаржы • Бүгін, 14:16
Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41