жеке кәсіпкерлердің қаржылық қолдауымен салынып, пайдалануға берілді
Құртай ауылдық округіне қарасты Жарқын ауылында жарты мыңға жуық адам тұрады. Шаңырағы шайқалмаған, түтіні түзу ұшқан еңселі елді мекенде бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапқанымен, клубтың болмауы, спорт залының тарлығы салдарынан жастарға қалыпты мәдени демалыстың тудырылмауы үлкендерді қатты ойландыратын. Осы себепті жұртшылық атынан жазылған хат облыстық әкімдікке жолданып, мәдени шаралар мен спорт жарыстарын ұйымдастыратын орталық салып беру сұралған болатын. Жауап көп күттірген жоқ. Өтініш өңір басшысы Ерік Сұлтановтың тарапынан қолдау тапқанын естіп, тұрғындар қуанысып қалған. Көп ұзамай “Севимсталькон” ЖШС мен “Мамонтов” ЖК кешенді тұрғызуды өз міндеттеріне алып, құрылыс жұмыстарына Жылдам тұрғызылатын ғимараттар зауыты, Петропавл құрылыс материалдары зауыты секілді жергілікті кәсіпорындардың болат құрылғылары, пластик терезелері мен есіктері кеңінен пайдаланылды. Не керек, қысқа мерзім ішінде 800 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан осы заманғы нысан бой көтерді. Бірінші қабатта баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнайтын стандартты зал, жаттығу жасайтын, теннистен, шахмат-дойбыдан, тоғызқұмалақтан жарыс өткізетін бөлмелер, екінші қабатта күрес залы орналасты. Талапқа сай жылы дәретхана мен душ бөлмесі жұмыс істейді. Көпбейінді кешен мектептің бу қазандығына қосылды.
Дене шынықтыру-сауықтыру орталығының ашылу салтанатына қатысқан Ерік Хамзаұлы жарқындықтарды айтулы оқиғамен құттықтап, балғын спортшыларға тренажерлар мен доптарды сыйға тартты.
– Елбасы жергілікті билік орындарына ауылдық жерлерде бұқаралық спортты барынша дамыту талабын қойған болатын. Осы бағытта Қызылжар өңірінде көптеген шаралар атқарылып келеді. Облыс орталығында жабық мұз айдыны, әмбебап спорт кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Ғ.Мүсірепов ауданында демеушілік көмекпен жүзу бассейні бар спорт орталығы іске қосылды. Алдағы уақытта бұл сала бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігін нығайта беретін боламыз. Мына нысанға шағын және орта бизнес өкілдері 57 миллион теңге қаражат жұмсады. Бұдан былай мәдениет ошағының міндетін де атқаратын болады. Орталықтың бұқаралық спортты жандандырып, ұлттың денсаулығына қызмет етуіне тілектеспін,–деді Е. Сұлтанов өз сөзінде.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқанай Байғожин, жапон күресінен спорт шебері Еркебұлан Құрманов Елбасының салиқалы саясатын қолдап, игілікті іске бастамашы бола білген кәсіпкерлер Әлімжан Ысмайыловқа, Сұлтанбек Газдиевке шынайы алғыстарын білдірді.
Тұсаукесер рәсімінен кейін алыс-жақыннан жиналған қонақтар кешенді аралап, спорттық жабдықталуымен танысты. Тимирязев қазақ мектеп-интернатының, Дмитриевка, Интернационал және Жарқын орта мектептерінің құрама командаларының баскетболдан және қазақша күрестен күш сынасуын тамашалады.
– Ауылда 100-ге жуық отбасы бар. Екі қабатты мектептің спорт залы, ауыл жастарын айтпаған күннің өзінде, әртүрлі секциялар өткізуге оқушыларға тарлық ететін. Енді шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ, теннис секцияларын өткізетін арнайы кабинеттер бар. Асылбек Байлин жеткіншектерді аптасына екі рет қазақша күреске баптайтын болады. Жаттығу құрылғылары қойылған бөлме қазірдің өзінде оқушылардың сүйікті орны саналады. Көрші елді мекен жастарының осында келіп жаттығуына, түрлі сауық кештерін ұйымдастыруына әркез жол ашық, – дейді Жарқын орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Әділхан Қажыбаев.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тимирязев ауданы.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 14:50
Алматыдағы қайғылы оқиға: Сотта жол апатының бейнежазбасы көрсетілді
Оқиға • Бүгін, 14:35
Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді
Қаржы • Бүгін, 14:16
Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41