03 Сәуір, 2015

Көкшетау  көркейіп  келеді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
строительствоОблыс орталығында құрылыс индустриясы екпін ала түсуде. Оны 2014 жылы 105,9 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілуінен аңғаруға болады. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 103 пайыздық көрсеткішке тең. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1 миллион теңгені құрап, 109 пайыздық деңгейге көтерілді. Негізгі капиталға құйылға инвестицияның көлемі 26,5 млрд. теңгені құрады. Мұның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен балалар бақшасы мен оқу орындарына жапсарлас салынған ғимараттардың құрылысына 1 миллиард 241,5 миллион теңге, тұрғын үйлердің құрылысына және оны абаттандыру, инженерлік желімен қамтамасыз етуге 482,1 миллион теңге, әлеуметтік сала нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға және Достық үйінің құрылысына 326,5 миллион теңге қаржы бөлініп, толық игерілген. Биылғы меже де биік болғалы тұр. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында ауысымына 150 адамды қабылдау мүмкіндігі бар онкологиялық диспансер емханасын және облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, жаңа неке сарайының ғимараты бой көтеріп, «Юбилейный» стадионы күрделі жөндеуден өткізіледі, ал «Революция күресшілері» бағында шаңғы-роллерлік кешен ашылады деп күтілуде. Бақберген АМАЛБЕК,   «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20