28 Шілде, 2010

Энергетика жайы сөз болды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  Америка Құрама Штаттарының Еуразиялық энергетика жөніндегі арнайы елшісі Ричард Морнингстармен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты энергетикалық іс-қимылдарды дамыту, сол сияқты Қазақстанның отын-энергетика секторындағы америкалық компаниялардың қызметі жөнінде кең ауқымды мәселелер талқыланды.