Кеше Ақтөбеге Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен келді. Министр жұмыс сапарын өңірдегі Қазақстанның индустрияландыру картасына енген бірден-бір ірі нысан – «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытымен танысудан бастады. Жобаның құны 843 миллион АҚШ доллары тұрады, жылдық қуаты 440 мың тонна жоғары сапалы феррохром өндіруге мүмкіндік береді. Жобаны пайдалануға берудің нәтижесінде 290 жаңа жұмыс орны ашылды.
Содан кейін Әсет Исекешев облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастауымен «Технодом» ЖШС және Ақтөбе мұнай қондырғылары зауытында болып, өндірістің қазіргі таңдағы жағдайымен танысты.
Министрдің келесі барған нысаны – Ақтөбе рельс арқалығы зауыты. Бұл кәсіпорын да Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында салынған. Оның құны 82,7 миллиард теңге тұрады. Зауыт толық қуатына шыққанда жылына 430 мың тонна өнім шығарады. Бәрінен бұрын мұнда жоғары жылдамдықтағы магистральдарда пайдаланылатын Р65 маркалы ұзындығы 120 метр термотөзімді рельстер шығарылады. Қалған 230 тоннасы сортты прокат темір өнімдері болып келеді. Нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» АҚ рельс өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан нарығына шығу да қарастырылуда. Бұдан басқа зауыт құрылыс индустриясының анағұрлым өсіп отырған сұранысын да қамтамасыз етеді.
Әсет Исекешев, Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин, «Siemens S.p.A» компаниясының бас директоры Джузеппа Феррарио, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ТМД және Балтық елдері теміржол әкімшіліктерінің өкілдері зауыттағы рельстің шығарылу үдерісіне қатысты. Салтанатты сәтте «Ақтөбе рельс арқалығы» зауыты» ЖШС директоры Андрей Кузьмин шараға қатысушыларға технологиялық үдерісті тереңірек әңгімеледі.
– Елбасының тапсырмасымен Индустрияландыру картасы аясында қысқа мерзімде Қазақстанда жаңа теміржол машиналарын жасау саласы құрылды. «General Electric», «Alstom», «Talgo», «Siemens» сияқты әлемдік көшбасшы компаниялармен әріптестікте жүк және жолаушы тепловозы, электровоз, вагондар, ірі вагондық құймалар, құрылымның техникалық құралдары өндірісі бойынша жаңа зауыттар іске қосылды, – деді «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин.
Ақтөбе рельс арқалығы зауытында Қазақстандағы теміржол машиналарын жасауды дамыту және халықаралық ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел болды. Талқылау барысында «ТұлпарТальго», «Электровоз құрастыру зауыты» «Локомотив құрастыру зауыты» сияқты теміржол өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың және «Қазақстан даму банкі» АҚ қолдауының экспорттық тетіктерінің тұсаукесері болды. Дөңгелек үстел аясында Ақтөбе рельс арқалығы зауытының дайын өнімдерін жеткізуге Әзербайжан, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан теміржол әкімшіліктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Әсет Исекешев және облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ индустриялық аймаққа барды. Мұнда өнеркәсіп өндірісі және 2015 -2019 жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев еліміздің Индустрияландыру картасына өңірден жалпы сомасы 799,9 млн. теңге болатын 12,8 мың жұмыс орны ашылатындай 91 инвестициялық жоба енгізілгенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында жалпы құны 552,6 миллиард теңге болатын 71 жоба іске қосылып, 6,6 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында жалпы сомасы 247,3 миллиард теңге тұратын, 6,2 мың жұмыс орны ашылатын 20 жоба жүзеге асырылуда. Биылғы жылы жалпы сомасы 9,4 миллиард теңге тұратын, 689 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Көшпелі жиында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қол байлау болып отырған кейбір мәселелер де ортаға салынды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11