киім үлгілерімен таңғалдырмақ
Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің Дизайн, театр және сурет өнері факультетінің студенттері Жамал Қалиева мен Мәдина Қасқырбаева Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Дизайнерлер» байқауының дипломанттары атанды.
Бұл байқауға студент қыздар заманауи киім үлгілерін апарып дизайн саласы бойынша өздерінің шығармашылық идеяларын ұсынды. Яғни, байқау шарты бойынша Жамал мен Мәдина киім эскиздерін сызып, оны пішіп, тігіп шықты. Ал, қазылар алқасы барлық қатысушылардың жасаған киімдерінің жаңашылдығы мен дизайнерлік ойлау қабілетінің ерекшелігіне, жұмысты орындаудағы сапа мен ұқыптылыққа, композициялық және түстердің үйлесімділігін ұтымды қолдана білгендерін атап өтті. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университет студенттері Жамал Қалиева мен Мәдина Қасқырбаеваның жұмыстарына арнайы сертификат табыс етілді. Іскер студент Жамал бұл табыс олардың дизайнер мамандығын таңдаудағы алғашқы жеңістері және тынымсыз шығармашылық еңбектің, ойдың арқасы дейді. Дизайнер мамандығын қазақ жастары енді-енді таңдап, үйреніп келе жатқанымен,оның негізі тереңде – біздің апа-әжелеріміздің қолдарынан шыққан қазақ киімдері, оюлар, құрақ көрпелер – ойдан, шеберліктен туған. Сондықтан, қазіргі заман тілімен айтқанда, бүгінгі күннің дизайнері, яғни киім үлгілерін жасаушы адамға алдымен дарын, қабілет және креативті ерекше ойлау мүмкіндігі қажет.
– Қазір біздің ойымызда осы күнгі өмірдің креативтілігі мен заманауилығын бейнелейтін киім үлгілерін жасау идеясы бар. Біз ұлттық құндылықтарымызды әлемге паш ететін таңқаларлық киім үлгілерін жасағымыз келеді, – дейді Жамал мен Мәдина.
– Әрине, студенттерімізге үйрету, оқыту – біздің парызымыз. Қыздарымды Алматыға байқауға жібергенде олардың дарынды қабілеттеріне сендім, – дейді ұстаздары, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Майса Ықыласова.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Президент Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:05
ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?
Футбол • Бүгін, 09:58
Балалар лагерінің қызметкерлері жаппай тексеріледі
Балалар • Бүгін, 09:34
Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды
Заң • Бүгін, 09:25
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше