– Қазақстандық суретшілердің шығармашылық ұжымы бұл картина бойынша бірнеше жыл жұмыс істеді. Әуелде атын таба алмай қиналдық. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы 2 шілде – Индустрияландыру күні ілгерілеткен тамаша идея – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ туралы естігенде, оның қалай аталуы керек екендігін бірден түсіндік.
ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – мен картинаның негізгі идеясын дәл осылай білдірген болар едім. Біздің Көшбасшымыздың аспанмен астасқан асқақ арманы, оның ұлы идеяларының жасампаздығы, оның жаңа ғаламат жобасы – «бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары – осының бәрі аталған туындыда көрініс тапқан.
Мұнда бүгінде барлық қазақстандықтар мақтан тұтатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түсі – аспан-көк түстес реңк басым. Аспан-көк түстің колористикасы үлкен адами бақыт пен елдегі барлық этностардың өсіп-өркендеуін көрсетіп тұрғандай. Қазақстан халқы, Елбасының арқасында, бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің консультантымыз Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев болды.
Ерболат ТӨЛЕПБАЙ,
жоба жетекшісі.