Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Абдалла әт-Түркимен кездесіп, оған алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табыс етті. Діни форумның 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетіні белгілі.
Сенатор Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі, үстіміздегі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, жүздесушіні діни көшбасшылардың төрт съездің нәтижелері мен алдағы Бесінші съездің тақырыбы туралы хабардар етті.
Абдалла әт-Түрки Президент Н.Назарбаевтың діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгі таңдағы халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.
Абдалла әт-Түрки Дүниежүзілік ислам лигасы алдағы V съезд жұмысына белсенді қатысатынын айтты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Президент Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:05
ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?
Футбол • Бүгін, 09:58
Балалар лагерінің қызметкерлері жаппай тексеріледі
Балалар • Бүгін, 09:34
Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды
Заң • Бүгін, 09:25
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше