Сайлау додасы қызған сайын оның барысын байқауға деген қызығушылық та артып келеді. Осы мәселеге орай кеше Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» арнайы қаулы қабылдады.
Ортсайлауком қабылдаған құжатқа сәйкес еліміз сыртқы саясат ведомствосының ұсынуымен үш халықаралық ұйым мен тоғыз мемлекеттен 101 байқаушыны аккредитациядан өткізгені белгілі болды. Бұл ретте сол тіркеуден өткендердің 74-і ТМД Байқаушылар миссиясынан келіпті. Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылық миссияны атқаруға 1 адам тіркелсе, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен 7 байқаушы келгені мәлім болып отыр. Бұдан басқа, байқаушылардың төртеуі Америка Құрама Штаттарынан, ал үшеуден – Испания Корольдігі мен Молдова Республикасынан жеткен. Сондай-ақ, екеуден – Малайзиядан, Польша Республикасы мен Италия Республикасынан келіпті. Ал Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Франция мен Бельгия Корольдігінен бір-бір байқаушы аккредиттеліпті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевтың мәліметіне қарағанда, жалпы байқаушылар саны 435 адамды құрап отыр. Соның ішінде ЕҚЫҰ Сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 43 адам 25 мемлекеттен келіпті. ТМД Байқаушылар миссиясынан 223 адам жеті мемлекеттен келіп, аккредитациядан өткен. Бұл жерде Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясынан 4 мемлекеттің арнайы өкілдері байқаушы ретінде жіберілгені белгілі болды. Халықаралық ұйымдардың үш миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) 7 адамның тіркелгені, шет мемлекеттерден 27 байқаушы миссиясына кіріскені де алға тартылды. Сонымен, бір халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі) мен шет мемлекеттерді қоса алғанда, 337 байқаушы аккредиттелген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттегені белгілі болды. Аккредитациялық кезеңнен өткен шетелдік байқаушылардың жалпы саны 435 екен. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. М.Сәрсембаев әрбір шетелдік байқаушы Қазақстан заңнамасы ережелері бойынша жұмыс істеуі тиіс. Өйткені, еліміз аумағында өз заңымыз жүреді. Бірақ кейбір байқаушылар ЕҚЫҰ немесе ТМД Байқаушылар миссиясынан болғандықтан, өздерінің кодекс нормалары бойынша да жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының нормалары, ережелер мен міндеттемелер және құқықтары халықаралық ұйымдардың кодексіне сәйкес келеді. «Сондықтан ешқандай қайшылық жоқ. Олар Қазақстанның заң ережелерін орындаймыз десе де, халықаралық кодекстер нормаларын орындаймыз десе де бір-біріне сай болып табылады. Бұрынғы сайлау науқанында ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ және де алдағы сайлауда да солай боларына сенім мол», деді Марат Алдоңғарұлы.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 10:48
Президент Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:05
ҚФФ мәлімдеме жасады: Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан кете ме?
Футбол • Бүгін, 09:58
Балалар лагерінің қызметкерлері жаппай тексеріледі
Балалар • Бүгін, 09:34
Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды
Заң • Бүгін, 09:25
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше