АСТАНА. 31 тамыз. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар корпорация басшыларымен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Елбасы «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен кездесті. Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы "СИТИК Групп" корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті.
«Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстан нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Чан Чжэнмин компанияға көп жылдар қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесті. Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты.
«Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент CNPC корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті. Кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа экономикалық жағдайдағы дамуына корпорацияның қатысу мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Республикамыз бен CNPC компаниясының зор ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін, осы жылдар ішінде тараптар өзара іс-қимылдың қомақты базасын қалыптастырғанын айтты.
«Компанияның мұнай-газ нарығына қатысуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі. Сіздің корпорация көмірсутегін өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істейді. Биылдан бастап CNPC-дің Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіруінің де маңызы бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы корпорацияның қатысуымен елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталды.
«Қашаған кеніші игеріліп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылуда. Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтары кешені, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры салынуда. Бұл жобалар зор маңызға ие және бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріміздің арқауы болады», – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев корпорацияның шикізат секторынан басқа салада да бай тәжірибесі бар екенін айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы CNPC-ді Астанада құрылуы жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығының жұмысына да белсене қатысуға шақырды.
Соңында Қазақстан Президенті CNPC-дің озық технологиялар әзірлеудегі қызметіне жоғары баға берді және осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге мүдделілік білдірді.
Ван Илинь Қазақстан нарығында 20 жыл бойы жұмыс істеген компанияға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 31 Тамыз, 2015
Елбасы Қытайда бірқатар корпорация басшыларымен кездесті

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026