АСТАНА. 31 тамыз. Мемлекет басшысы мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-несиелік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел лидерлері халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар бойынша ұстанымдарды қарастырды.
Елбасы жылы қабылдауы үшін ҚХР төрағасына алғыс айтты және елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыт бойы ұдайы өсу жолында дамып келе жатқанын айтты.
«Бұған Сіздің биылғы мамырда Қазақстанға жасаған ресми сапарыңыз барысында қол жеткен уағдаластықтар септігін тигізіп отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ қытай халқын жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығымен және Бейжіңнің 2020 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады.
«Бейжің жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен әлемдегі бірден бір қала болады», – деді Мемлекет басшысы.
Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық серіктестік үздіксіз нығайып келе жатқанын атап өтті.
«Біз бүгін Қазақстан Президентімен бірге жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларацияға қол қоямыз. Бұл құжат біздің көпжылдық жемісті іс-қимылымыздың қорытындысы болады және болашақтағы ынтымақтастық бағдарламасына айналады», – деді Си Цзиньпин.
Келіссөздер барысында қытай жағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қош көретіндіктерін айтты және бұл оқиғаның екіжақты қатынастарды арттыруда маңызды екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастықты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің әлеуеті ауқымында дамытуға уағдаласты.
Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Қазақстан аумағында аз байытылған уран банкінің құрылуына байланысты атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге әзір екендерін білдірді.
Соңында алдағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты бүкіл әлемдегі валюта нарықтарының құбылмалылығы жағдайында дамыту перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
– ҚР мен ҚХР Мемлекеттері басшыларының жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларациясы;
– ҚР мен ҚХР арасындағы сотталғандарды беру туралы 2011 жылғы 22 ақпандағы шарт бойынша ратификациялық грамоталар алмасу туралы хаттама;
– ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісім;
– «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «СИТИК Групп» арасындағы Қазақстан инфрақұрылымдық қорына (Kazakhstan Infrаstruсture Fund) бірлесіп қатысу туралы келісім;
– «Масалы тау-кен байыту комбинаты» ЖШС мен Қытай экспорт-импорт банкі арасындағы займ туралы негіздемелік келісім;
– «Еurasian Resources Group» корпорациясы және Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы негіздемелік келісім;
– «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен «Жібек жолы» қоры арасындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастық жобалары үшін арнаулы инвестициялық қор құру жөніндегі өзара түсіністік және іс-қимыл туралы меморандум;
– «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ және Қытай халықаралық туризм бюросы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім;
– «Астана LRT» АҚ және Қытай мемлекеттік даму банкі арасындағы займ туралы келісім;
– «Astana LRT» ЖШС мен ҚХР компаниялар консорциумы арасындағы ЕРС-келісімшарты.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32