Жақында Минск қаласында XXII халықаралық көрме-жәрмеңке өтті. Көрме барысында «Звязда» баспа үйінде белорус тілінде жарық көрген Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» кітабының тұсаукесері өтті.
Көрме қонақтары мен оқырмандармен кездесуді «Звязда» баспа үйінің бас редакторы Алесь Карлюкевич ашып, осы медиа-холдингтің қазақстандық жобалары туралы әңгімеледі. 2011 жылы Минскіде Миколы Метлицкий белорус тіліне аударған Абайдың «Жазық дала» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Сонымен бірге, орыс тілінде қазіргі қазақ және белорус әдебиеттерінің «Созвучие сердец: Беларусь – Казахстан» сериясымен «Не ведая границ» антологиясы басылып шықты. Соңғы басылымның құрастырушысы – атақты белорус ақыны Алесь Бадак. «Звязда» баспа үйі – жазушылардың жыл сайын Минск қаласында өтетін «Көркем әдебиет – өзара табысу жолы» халықаралық дөңгелек үстелінің құрылтайшысы. Әр жылдары Қазақстанның жазушылары Валерий Михайлов, Қайрат Бақбергенов, Любовь Шашкова, Райхан Мәженқызы, Светлана Ананьева осы дөңгелек үстелге қатысып жүр.
Өткен жылы «Звязда» баспа үйі Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты кітабын басып шығарды. Белорус тіліне Алесь Карлюкевич пен Алесь Бадак аударды. Биылғы жылы Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» деген атпен бір томдығы жарыққа шықты. Аударғандар – Алесь Карлюкевич пен Геннадий Авласенко. Аудармашы Алесь Бадак тұсаукесер барысында көрнекті қазақ жазушысы, әдебиеттанушысының шығармашылығы туралы өзінің ой пікірімен бөлісті. Тұсаукесерде «Художественная литература» баспасының директоры Григорий Пряхин, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Ананьева сөз сөйледі. Өзінің Немат Келімбетовке арнаған өлеңін әзербайжан ақыны Чингиз Али оглу оқыды.
Немат Келімбетов қорының өкілі Райхан Мәженқызы Белорус Ұлттық кітапханасына қазақ ғалымы және жазушысының әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде басылған «Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат», «Күншілдік» кітаптарын тапсырды.
Вероника ЛОЗОВСКАЯ.
Минск қаласы.

Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05