02 Қыркүйек, 2015

Теңге бағамы сұраныс пен ұсынысқа байланысты

375 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

галия сатыбалдинаҚазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшті. Мемлекет басшысы теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге өту ең дұрыс қадам еке­нін айтты. Расында, Қазақстан әлем­дік қоғам­дастықтың бір бөл­шегі, сондықтан бірыңғай эконо­микалық кеңістіктен бөлініп, өз алдына томаға-тұйық тірлік ете алмай­ды. Мысалға, Қытай өз валю­та­сына девальвация жасады. Ресей рубльді өткен жылы еркін айна­лымға жіберді. Бізде жағдай тұрақ­ты болып келді. Ресейде өткен тоқ­­­сан­да инфляция деңгейі 17 пайыз болса, біздің елімізде 4 пайыз­ болды. Инфля­ция дәлізі 6,8 пайыз болып белгіленсе, бүгінде соған жа­қын­­дадық. Ол көрсеткіш жыл аяғына дейін сақталады деп отырмыз.

Теңге бағамының еркін айна­лымға жіберілуінен шошу­дың жөні жоқ. Алдымен теңге баға­мының еркін айналым­­ға жібе­рілуін ақшаның құнсыздануымен шатастырмау керек. Теңге құн­сыз­­данған жоқ, тек еркін айна­лымға шығарылды. Иә, теңгенің бағамы әлі тұрақталған жоқ. Өйткені, бұдан былай валютаның бағамын Ұлттық банк емес, нарықтың өзі реттейді. Бұл тек біздің Қазақстанға ғана тән үрдіс емес, дамыған елдердің барлы­ғы осы жолдан өткен. Теңгенің бағамын сұраныс пен ұсыныс қана өзгертіп отырмақ. Мысалға, кейбір клиенттерге теңгені айырбастау қажет, екіншілеріне керісінше дегендей, сонда теңгеге сұраныс көп болса, оның бағамы өседі. Сұраныс болмай, ұсыныс көбірек болса, онда теңгенің бағамы түсе береді. Бүгін қазақстандық биржада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 253, өңірдегі екінші деңгейдегі банк­тер оны 240-тан сатып жатыр. Ал кеше биржадағы теңгенің бағамы 255 болды. Теңгеге сұраныстың азаюына байланысты бағамы төмендеуде, ол әрі кеткенде бір жұманың ішінде тұрақталады. Анада Ресейдің рублі түскенде облыстағы банктер қаңтар-шілде айларының ішінде 10 млрд. 731 млн.-нан астам рубльді сатып жіберді. Сонда 30 млрд. теңгеміз тікелей Ресейге кетті. Көршілес елдің кәсіпкерлерінің тауарлары мен азық-түлігінің өтімділігі артты. Бұлай жалғаса берсе отандық экономика, өндіріс тығырыққа тірелуі ғажап емес. Сондықтан, жаңа экономикалық саясатқа көшу отандық өндірісшілерге мықты қолдау болады деп білемін. Тұрғындарға күнделікті тұты­натын азық-түліктің бағасы өседі-ау деп  қорқудың реті жоқ. Ішіп-жеп отырған тамақ түрлерінің барлығы сырттан әкелінбейді ғой. Ет, нан өзіміздікі, баға бақы­лауда. Ресейден әкелі­нетін тамақ түр­лерінің бағасы өсіп жатса, оны алмай, жергілікті өнімді алуға болады емес пе? Табы­сымыз доллармен емес, теңгемен бері­леді дегендей. Енді депозит­тегі жинақтарға келсек, Мем­лекет басшысы Ұлттық банкке жеке тұлғалардың мерзімді депо­зиттеріне төлем тетігін енгізу­ді тапсырды. Яғни айырбас баға­мының өзгеруіне байланыс­ты халық салымдарының шығын­дарын төмендету мақсатында биылғы жылдың 18 тамызына дейінгі теңгемен ашылған жеке тұл­ғалардың мерзімді депо­зит­теріне (есепшоттағы 1 миллион теңгеге дейін қаржыға) төлем тетігі енгізілмек. Сондықтан, депозит­терге салынған теңгеңізді долларға, рубльге айырбастаймын деп асығыс шешім қабылдамаңыз. Ғалия САТЫБАЛДИНА, Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалының директоры. ОРАЛ.

Салымшылар салмақтылық танытты

Аманғос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ,  журналист. Теңгенің еркін айналымға жіберілуі өңірде анабір дүрбелең туғызған жоқ деуге болады. Облыс аумағындағы кәсіпкерлер мен банктердің салымшылары Үкімет пен Ұлттық банктің бұл қадамына бірінші күннен-ақ түсіністікпен қарады. Еліміздің ірі банктерінің аймақтағы филиалдарының басшылары «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында болған кезекті брифингте осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге өту Қазақстанның жаңа экономикалық саясатындағы бірден-бір дұрыс және маңызды қадам екенін айрықша атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында әлемдік өркениетті елдердің қатарында дамыған біздің еліміз – әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі. Сондықтан, бірыңғай экономикалық кеңістіктен бөлініп, өз алдына томаға-тұйық тірлік ете алмайды. Бұл жерде көрші елдер Қытайдың өз валютасына девальвация жасағанын, Ресей ақшасының өткен жылы еркін айналымға жіберілгенін ескермеуге болмайды. Ендігі жерде валютаның бағамын Ұлттық банк емес, нарықтың өзі реттейді. Бұл дамыған елдердің барлығына тән үрдіс. Бұдан былай теңгенің бағамы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырмақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық филиалы экономикалық талдау бөлімінің басшысы Маркон Қуатбаева осыларды атап көрсете келіп, теңге бағамы тұрақтанғанға дейін қандай да бір болжамдарға емес, ресми ақпараттарға сүйену қажеттігін айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің Ұлттық банктің қазіргі сәттегі валюта айырбасына ықпалы туралы сауалдарына ол төмендегідей жауап берді. – Ұлттық банк ірі дағдарыс болған жағдайда ғана валюталарды сату және сатып алу жұмыстарын жүргізу арқылы араласа алады. Қалған уақытта екінші деңгейдегі банкттер биржадағы валюталық бағам бойынша қыз­мет көрсетеді. Теңгені еркін айна­лымға жіберудің мағынасы сол – ендігі жерде мәселе әлемдік эконо­микаға, ішкі нарықтық эконо­ми­каның факторларына байла­ны­сты ше­шіледі. Бұл жерде бір айта кететін жайт, банктер сату, сатып алу бағамын биржаға байла­нысты орналастырғанда, бұрын­ғы бел­гіленген доллар бойын­­ша 2 теңге, еуро бойынша 3 теңге, осы­ны сақтап тұрулары керек. «Қазком» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Дания Есбаева ендігі жерде бағамның ауытқуынан пайда табудың бос әурешілік болатынын атап айтты. Мәселен, айырбас пункттері бірінші күні долларды 252 теңгеден сатты. Ал екінші күні ол түсіп кетті. Яғни, доллар сатып алған ұтылды. Сондықтан, банк салымшылары депозиттегі жинақтарын қозғамауы керек. Оның үстіне, Елбасы Ұлттық банк­ке жеке тұлғалардың мер­зімді депо­зиттеріне төлем тетігін енгізу­ді тап­сырды. Айыр­бас баға­мы­ның өзге­руіне байла­ныс­ты халық салым­дарының шы­ғындарын төмендету мақсатында биылғы жылдың 18 тамызына дейінгі теңгемен ашылған жеке тұлғалардың мерзімді депо­зиттеріне (есепшоттағы 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыға) төлем тетігі енгізілмек. Сондықтан, депо­зиттерге салынған теңгені дол­ларға, рубль­ге айырбастаймын деп асығыс шешім қабылдамаған жөн. Осы пікірді «Халық банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиа­лының директоры, облыс­тық мәслихаттың депутаты Апуа­жан Төлегенова да білдірді. Ал «Қазақстанның қызмет көрсету саласы мен сауда кәсіпорындары, базарлар қауымдастағы» облыс­тық филиалының директоры Дмитрий Довматенко, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының директоры Жеделбек Мұрзағалиев жаңа экономикалық саясатқа көшу отандық өндірісшілерге мықты қолдау болғанына назар аударды. Мұның түптің-түбінде халыққа пайдалы болатынын айтты. Бір жақсы жері, мұнда азық-түлік бағасы өседі деп қауіптенудің реті жоқ. Негізінен тамақ түрлері сырттан әкелінбейді және бақылауда ұсталады. Елбасы бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды жергілікті билікке тапсырды. Сырттан келетін тамақ түрін, егер қымбат болып жатса, алмай қоюға қазір толық мүмкіндік бар. Ақтөбе облысы. Шындық қашанда шыңға бастайды Адам баласы алға басу үшін жан-жағына қарап отыруы керек. Қоғам да солай. Өмір шын­дығынан аттап кету мүмкін емес, қаласаң да, қаламасаң да қадамыңа өзгеріс ендіретін сәттер болады. Түбегейлі есептелген жақсы бағдарламалардың өзі кедергілерге тап келіп жатады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жөнінде үнемі ескертумен келеді. Мемлекет басшысы эко­но­микалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңесте: «Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуал едәуір төмендеді. Экономиканың бүкіл дүниеде нашарлағаны бәрімізге көрініп тұр... Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиыншылықтарды алып келеді. Қазір де осындай қиыншылыққа тақап тұрмыз», – деп атап көрсетуі баршамызды жігерлендіріп, қарым-қабілетімізді ширата түсуді талап етеді. Өйткені, бұл сөздер біздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен құрылған біздің кәсіпорынға тікелей қатысты айтылып тұр. Керамикалық кірпіштің бірнеше түрін шығаратын зау­ыт өнімдеріне сұраныс жоғары. Сапа стандарттары да талапқа сай. Кәсіпорын өз өнімдерін ел аумағынан басқа, Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған қалаларына да жеткізеді. Әйткенмен, біз соңғы уақытта баға жөнінде біршама ұтылып отырдық. Өткізу құнындағы үйлесімсіздік салдарынан өнімімізді 30 пайызға қысқартуға мәжбүр болдық. Қазір қоймамызда 7 миллион теңгенің кірпіші жинақталып қалды. Соған қарамастан, өндірісті сауықтырудың барлық амалдарын қарастырып жатырмыз. Бұл орайда мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясаты тығырықтан шығуға жол бастайтыны анық. Теңгенің жаңа бағамы сату көлемін арттыратыны, ісімізге жаңа екпін қосатыны даусыз.  Нұритдин САМПИЕВ, Көкшетаудағы «ENKI» ЖШС директоры. Ақмола облысы.