* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 20 шілде № 742 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде: 2-тармақта: 5) тармақшада: екінші абзацтағы “Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында санамаланған” деген сөздер “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 5-тармағында санамаланған” деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы “Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген” деген сөздер “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 7-тармағында белгіленген” деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын: “Астана қаласында жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы” корпоративтік қорының демеушілік және (немесе) қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен Астана қаласында жаңа мешітті салу құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;”. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 21 шілде № 746 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2. “Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде: “Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту” деген 2-бөлімде: “Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері” деген 3-кіші бөлімде: 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: “44. Тиісті бюджетті нақтыламай, бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзетуге жол берілмейді. 45. Бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.”; 46-тармақта: Бірінші бөліктегі “бекіту үшін ұсынылатын” деген сөздер “қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын” деген сөздермен ауыстырылсын; Екінші бөліктегі “Республикалық” деген сөз “тиісті” деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 29 шілде № 758 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 және 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) “Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 62 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы іреспубликалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 3-тармақта: “қымыз, шұбат, қой еті, жылқы еті” деген сөздер “жылқы еті және биязы жүн” деген сөздермен ауыстырылсын; “тағамдық жұмыртқаның және биязы жүннің” деген сөздер “, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың, шұбаттың” деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың 4) тармақшасында “, қымыз, шұбат” деген сөздер алып тасталсын; 9-тармақта “10 ақпанға” деген сөздер “25 маусымға” деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта “25 ақпаннан” деген сөздер “25 маусымнан” деген сөздермен ауыстырылсын; 2) “Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 11-тармақтағы “20 ақпанға” деген сөздер “25 маусымға” деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтағы “25 ақпаннан” деген сөздер “25 маусымнан” деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 29 шілде № 759 Астана, Үкімет үйі Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы “Мемлекеттік материалдық резерв туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үқіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 759 қаулысымен бекітілген Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асырылады: 1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке басты куәландыратын немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәландыратын құжаттармен немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен расталған құқық қабілеттілігі және іс-әрекетке қабілеттілігі; 2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банктің алдында, банк (банк филиалы) анықтамасының және салық органының тиісті анықтамасының болуымен расталған берешегінің жоқтығы көрсетілген төлем қабілеттілігі; 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалдау шартымен расталған бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды сату мүмкіндігі; 4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе жалдау шартымен, санитарлық-эпидемиологиялық және өртті бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құжаттарымен расталған сатып алынатын тауарлардың тиісінше сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті қойма үй-жайларының болуы.* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 29 шілде № 761 Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: 4) тармақшадағы “1,5 болып бекітілсін.” деген сөздер “1,5;” деген сандармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы “1,5.” деген сандар “1,5;” деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: “7) электр энергетикалық кешенде – 2,0 болып бекітілсін.”. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.