06 Тамыз, 2010

Жеткіншектер жеңіспен оралды

671 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Соңғы кезде егемен еліміздің жер-жердегі өнерпаз жеткіншек­терінің әлемдік сайыстарда топ жа­рып жүргендері жиі естіліп қалып жүр. Семейдегі “Тұмар ханым” деп аталатын жеткіншектердің халық­тық би ансамблі сондай өнер жұл­дыздарының бірінен саналады. Құрылғанына биыл жеті жыл то­лып отырған бұл ансамбль осы уа­қыт ішінде бірнеше рет халық­аралық өнер жарыстарында топ жарып үлгерді. Айталық, ол осы­дан үш-төрт жыл бұрын Испа­нияның Лорет-Де-Маар қаласында өткен дарынды балалардың ха­лықаралық фестивалінде жүлделі екінші орын­ға ие болған еді. Ал 2008 жылы бұ­лар Украинаның Одесса қаласында “Звездочка” деген атпен өткен ха­лықаралық кон­курстан бас бәйгені қанжы­ға­ларына байлап келген-ді. Енді, міне, аталған ансамбль жу­ырда ғана Түркиядан олжалы орал­ды. Түркияда иогурт өнімін өн­­дірумен аты шыққан Силиври де­ген қала бар. “Барлық әлемнің да­рынды балалары” деген атпен өт­кізілген халықаралық фестивальде се­мейлік жеткіншектер бірінші ор­ынды жеңіп алған көрінеді. Оған әлем­нің тоғыз елінен жас өнер­паздар қатысыпты. – Бұл өнер сайысына бізден 15 жасқа дейінгі аралықтағы 15 жет­кіншек қатысты, – дейді ансамбль жетекшісі Санира Сыдықтегі, – кезекті сайысқа сегіз би дайындап апарсақ, соның бесеуі өзіміздің ұлттық билер. Кейде бізде би жоқ деген сөзді естіп қаламыз. Оның бә­рі бекер сөз. Қай жерге бармай­ық биімізге де, ұлттық киімдері­мізге зор қызығушылық танытады. Соның бәрі бізге де үлкен қолдау болып, жеңіс төрінен көрінудеміз. Санира Мұратқызы Арал қаласының тумасы. Сонда өнерпаз отбасында өмірге келген. Әкесі Мұ­рат Сыдықов Композиторлар ода­ғы­ның мүшесі, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, Арал қа­ласының құрметті азаматы. Шешесі Базар Қостаева да тамаша әнші. Осы өңірде кезінде отбасылық халық ансамблін де алғашқы болып құрған осылар. Санираның ері Нұр­зат Қайранов та өнер адамы, Семейдегі әскери оркестрде қызмет етеді. Отбасылық жағдаймен Семейге келген Санира осыдан жеті жыл бұрын жеткіншектердің “Тұмар ханым” би ансамблін құруға мұ­рын­дық болған. Қазірде ансамбль құрамында 90 бала бар. Оның ба­сым бөлігі үйірме жұмысына ақылы түрде қатысады. Жас өнерпаздар­дың киімдері де ата-аналардың мойнында. Тіпті шетелдерде өтіп жататын түрлі жарыстарға да жол шығынын ата-аналар өздері көтеріп алып жатады. Еліміздің атын шы­ғарып жүрген жас өнер ұжымының әркімнің босағасында жүргені өз алдына бір әңгіме. Бәрінен де бұ­рын тиісті орындардың бұлар жеңімпаз болып келіп жатқанда құттықтауға да жарамайтыны көңілге көлеңке үйіртеді. Ал ертеңгі шаралар осылардың арасында жүрмесіне кім кепіл?! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.