06 Тамыз, 2010

Көмек көрсетуге дайын

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екі елдің қатынастары және қазіргі кезде Ре­сей аумағындағы өртті ауыз­­дықтау жөнінде пікір алмасты. Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев Ресей басшысына өрт сал­дарын жоюға көмек көрсетуге дай­­ын екендігін атап өтті. Мем­ле­кет бас­шылары, сондай-ақ алдағы уа­қыт­та Ереванда өтетін ҰҚШҰ сам­митіне және Өскеменде өтетін Қа­зақстан Республикасы мен Ресей Фе­дерациясы арасындағы өңірлік  фо­румға дайындық жөнінде әңгімелесті. Ресей Президенті Дмитрий Медведев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы ше­шім қабылданғанымен құт­тық­тады.