14 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 793

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 4 тамыз   Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 88-тармақта “және жүргізу” деген сөздер “, жүргізу және жабу” деген сөздермен ауыстырылсын; 9-1, 11-1, 12-1-тараулармен толықтырылсын “Құпия”. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.