14 Тамыз, 2010

Бірлескен бұйрық №64, №89, №56н/к

528 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 17.02.2010.        № 64 Астана қ. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 19.02.2010. № 89 Астана қ. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 17.03.2010. № 56 н/к Астана қ.

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі және оның аумақтық бөлімшелерінде өткізілген тексерістер туралы міндетті ведомстволық статистикалық есеп нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының   38-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатанда, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Міндетті ведомстволық статистикалық есептің нысандары бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласында өткізілген тексерістер туралы; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес байланыс саласында өткізілген тексерістер туралы; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес телекоммуникация және пошта саласындағы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің өткізілген тексерістері туралы. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс, Ақпараттық технологиялар департаменттеріне (Ә.Е. Баймұратов,  Қ.Б. Елеусізова): 1) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс ангенттігінің интернет-ресурсында орналасқанын қамтамасыз етсiн; 3) Астана мен Алматы қалалары және облыстары кесінінде ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 10 күніне жүргізілген тексерістер туралы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс ангенттігінің интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы  Б.Ә. Маханбетәжиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы Қ. Есекеев Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Б. Сұлтанов Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және  арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы М. Ахметжанов ________________________________ 1-3-қосымшаларының толық мәтіні Бірлескен бұйрық14.08.2010