17 Тамыз, 2010

Бала – бақытымыз

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда “Бірлігіміз жарасқан” ак­циясы аясында Кентау қаласындағы “Қамқор” балабақшасында жетім балалар мен жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған мейірімділік акциясы болып өтті. Бұл игі іске өндіріс орындарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысты. Қала әкімінің орынбасары М.Қо­ны­совтың атап өтуінше, Конституцияда көрсетілгендей, балалар – еліміздің тірегі, болашағы. Еліміздегі халықтың 30 пайы­зын балалар құрайды. Оларды дені сау, мейірімді, білімді, өз елінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеуіміз керек. Қала әкімі Нұр­жігіт Қалмұрзаев өз атынан қайы­рым­ды­лық акциясына 30 мың теңге қосты. Өзге де қатысушылар мүмкін­дігінше балабақ­шаға қаржылай және заттай демеушілік жасады. Нәтижесінде, 105 мың теңге жиналды, сондай-ақ 52 мың теңгенің ой­ын­шықтары мен заттары сыйға тартылды. Түскен қаржыға жетім және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға киім-кешек пен ой­ыншықтар алынатын болады. Акция соңы балабақшаның жас жеткіншектері дай­ын­даған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қайрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ. Оңтүстік Қазақстан облысы.