* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысына 1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі
1. Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау; 3) мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; 4) мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; 5) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру; 6) шахталарды (мұнай-газ кен орындарын) жабу жөніндегі тарату жұмыстары; 7) кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты) технологиялық жұмыстар жүргізу; 8) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары; 9) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары; 10) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау; 11) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішін орнату; 12) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; 13) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру; 14) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту; 15) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау; 16) мыналардың: органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібі өнімдерінің, техникалық көміртегінің, химиялық талшықтардың, полимерлік материалдар мен пластмассаның; құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 17) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын) пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау; 18) мына: мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерінің; октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және құрамдауыштар енгізу жөніндегі; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен құрамдауыштар енгізу жөніндегі; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу жөніндегі; мұнай майларына телімдер енгізу жөніндегі мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық). 2. Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу); 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату); 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).* * *
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысына 2-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 1-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі
1. Тау-кен, химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану. Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіруді жобалау; 2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; 3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; 4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру; 5) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен ашу және игеру; 6) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу; 7) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда); 8) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда); 9) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 10) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 11) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 12) мыналардың: органикалық (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) және органикалық емес химия өнімдерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 13) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда) пайдалану, химиялық өндіріс саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау. 2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда). 1) Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 2) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі; 3) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі; 4) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі; 4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі; 5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу. 3. Тау-кен саласында химиялық, бұрғылау, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу); 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату); 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).