27 Тамыз, 2010

Араластық арта бермек

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсу жайы айтылды. Өз кезегінде Қазақстан Үкі­метінің басшысы Кәрім Мәсімов Татарстанға мал азығындық астық жеткізу мәсе­лесіне қатысты екі­жақ­ты келісімнің орында­ла­тынын айта келе, бұл ретте атал­ған келісім бойынша қолға алын­ған шаралар­ды жүзеге асыратын бірыңғай опе­ратор белгіленетінін атап көр­сет­ті. Ол “ҚазАгро” компаниясы бол­мақ. “Осы аптада мемлекеттік комис­сияның оты­ры­сы өтеді. Онда астық­ты сатып алу мен экспорттау мәсе­лелері толық нақтыланбақ. Сондық­тан да біз келіскен мәселе­лердің бар­лығы жүзеге асады деген ойда­мын”, – деді Премьер-Министр. – Кеден одағы аясындағы қазіргі мүмкіндіктер екі ел арасын­дағы сауда-экономикалық байла­ныс­тарды дамытуға оң ықпал етеді. Өйткені бізде кеден­дік немесе өзге де кедергілер жоқ, – дей келіп, Кәрім Қажым­қан­ұлы Татарстан­мен арадағы байланыстардың бола­шақта да өз жалғасын таба береті­нін жеткізді. Татарстан Президенті Рустам Мин­ниханов өз кезегінде өздері­нің Қазақстанға қос елдің ара­сын­дағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі жетілдіре түсу мақсатында келгендігін айта келе, Қазақстан Президенті мен Премьер-Ми­нистріне астық мәсе­ле­­сін шешу бойынша тиісті шара­лар қолда­нып отырғандығы үшін шексіз алғыс білдіретіндігін жеткізді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.