27 Тамыз, 2010

Қазақстан бастамаларын қолдайды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшы­сының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін Аймақтық бітімгерлік дипломатия орталығының басшысы Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның өзара белсенді іс-қимылын атап өте келіп, Төраға біздің еліміздің Ұйым инс­титуттарымен байланыстарын дамытуға мүд­делі екеніне тоқталды. “Уақыт Орта­лық Азия аймағында БҰҰ-ның болуы қажет­тігін дәлелдеп отыр”, – деді Қ.Тоқаев. Төрағаның пікірінше, Жаппай қы­рып-жою қаруы­нан бас тартудың Бүкіл­­дүниежүзілік күніне арналған конферен­цияға БҰҰ-ның құрылымдық бөлімшесі бас­шысының қатысуы Ұйымның қару­сыз­дану және қаруды таратпау саласын­дағы Қазақстан бас­шы­лығының баста­маларын қолдайты­нын көрсетіп отыр. Қырғызстандағы жағдайды талқылау барысында Қазақстан ішкі саяси тұрақты­лық пен ұлттық экономиканы дамытуды қам­тамасыз етуге бағыттал­ған Қырғыз­станның жаңа басшылы­ғының бағдарын қолдайтынын атап өтті. Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ саммитіне келуі күтіліп отырған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға ізгі тілектестігін жолдады. М.Енча БҰҰ-ның Аймақтық бітім­гер­­лік орталығының Қазақстанмен өзара іс­-қимылының деңгейін жоғары бағала­ды және Орталыққа қолдау білдіргені үшін Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевқа риза­шылық білдірді. “Егер де мұндай аймақ­тық құры­лым болмаса, Орталық Азия өңірінде әрекет ету күрделі болатын еді”, – деді бөлімше басшысы.