27 Тамыз, 2010

Бақылау бар жерде береке бар

597 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық партиясы Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың, бірінші кезеңде үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына қатаң бақылау жасау­да. Бүгінгі таңда осы бағыттағы елі­міздегі ең бір елеулі жоба – “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халық­аралық күрежол құрылысы екені баршаға аян. “Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай” халықаралық жобасы аясында Қызылорда облысы аумағында салынып жатырған 812 шақырым жол бойына “Нұр Отан” ХДП-ның 14 партиялық бақылау бекеттері қоныс тепкен. Осы бекеттердің тыныс-тіршілігімен танысуды мақсат еткен “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Сыр аймағына келіп, сапарын “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” күрежол құрылы­сымен танысудан бастады. Сыр аймағынан өтетін 811,7 шақырым жол құрылысының бүгінгі таңда айналма жол салу – 114 шақырымға, жер төселімін төсеу – 4712,0 мың текше метрге, жол­дың жайғасу қабаты – 94 ша­қырымға, негізгі қабатты орналас­тыру – 71 шақырымға, асфальт­бетон­ды жол салу – 48 шақырым­ға, ал жолдың төменгі қабатының асфальт төселімі 21 шақырымға орын­­далған. Халықаралық құры­лыс­қа айналған осы айтулы жоба жергілікті халықты жұмыспен қам­тамасыз етуге зор септігін тигізіп отыр. Бүгінде тікелей жол құры­лысында жұмыс істеп жатқан 4340 адамның 2408-і жергілікті тұрғын­дар. Олардың орташа айлық жал­ақы­лары 87,0 мың теңге көрінеді. Халықаралық құрылыс аймақтың экономикасының дамуына да сүбе­лі үлес қосуда. Атап айтар бол­сақ, Жаңақорған, Шиелі аудан­дарында шағыл тас зауыттары, Қы­зылорда қаласында битум зауы­ты салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ мердігерлер 17 асфальт-бетон зауы­тын жол бойына орналастыруға тиіс болса, соның бүгінгі күні 7-уі жұмыс істеп тұр. Құрылыс басында бас және қосалқы мердігерлердің 196 жол-құрылыс техникалары тоқтаусыз жұмыс жасауда. “Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай” халықаралық көлік дәлізіндегі жоғарыдағы жұмыстармен, сондай-ақ партиялық бақылау бекеттерінің жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысқан Н.Нығматулин: – Елбасымыз, партиямыздың Төр­­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес “Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай” халықаралық құрылыс жобасы басталған күннен еліміздің барлық аймағында партиялық ба­қы­лау бекеттері құрылды. Бақылау бекеттері тапсырманың уақтылы орындалуын, қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап қана қоймай, еңбек заңдылығының сақталуын қатаң бақылауға алып отыр. Пар­­тиялық қатаң бақылаудың нәти­жесінде қазірдің өзінде жергілікті жұмысшылардың көптеген тол­ғақты мәселелері өз шешімдерін тапты деуге әбден болады, – деді. Н.Нығматулин сапары бары­сында “Нұр Отан” ХДП-ның Қы­зыл­орда областық филиалының бас­тауыш партия ұйымы төр­аға­лары­мен кездесу өткізді. Жиынға бастауыш партия ұйым­дарының төрағалары мен облыстық және аумақ­тық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынба­сар­лары қатысты. Жиында сөз алған Н.Нығматулин партияның негізгі күші санатына жататын бастауыш партия ұйымдарының қазіргі тыныс-тіршіліктері мен алда тұрған міндеттері жайлы баян етті. – Өздеріңіз білесіздер, – деді өз сөзінде Н.Нығматулин, – Ел­басымыз, “Нұр Отан” ХДП-ның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев алдағы 10 жылдық даму бағыттарын көрсеткен тарихи Жолдауда айтылған маңызды жобаларды, жоспарларды жүзеге асыруда “Нұр Отан” партиясына үлкен сенім артып отыр. Соның ішінде бастауыш партия ұйым­дарының алар орны да ерекше. Н.Нығматулин өз сөзінде пар­тияның Қызылорда облыстық фи­лиалы жұмысында кемшіліктердің де жоқ емес екенін ашық айтты. Мысалы, партияның “Қоғамдық қабылдау” бөлімдеріне халықтар тарапынан өтініштер толассыз түсуде. Ағымдағы жылдың өткен 7 айында республика бойынша “Қоғамдық қабылдау” бөлімдеріне 41 мыңнан астам адамдардан өтініштер келіп түскен. Өкінішке қарай, осындай тиімді жұмыс тәсілі Қызылорда облысында ойдағыдай іске асырылмай отыр. Сондай-ақ соңғы екі жылда партияның мүше­лік жарналарын жинау да өз дең­гейінде емес. Облыста партиялық ішкі тәртіпті сақтау мәселесі де ерекше назар аудартады. Сыр ай­мағында жыл басынан бері 15 адам сыбайлас жемқорлық сал­дарынан партия қатарынан шығарылған. Кадрлар таңдауда да келеңсіздіктер жоқ емес. Жиын соңынан Н.Нығматулин партияның облыстық филиалының “Қоғамдық қабылдау” бөлімінде бірқатар облыс тұрғындарын қабылдады. “Нұр Отан” халықтық демокра­тиялық партиясы төрағасы бірінші орынбасарының Сыр аймағына сапары барысында Қызылорда облысының әкімі, “Нұр Отан” ХДП Қызылорда облыстық фи­лиалы сая­си кеңесінің бюро мүшесі Б.Қуан­дықов, “Нұр Отан” ХДП Қызыл­орда облыстық филиалының төр­ағасы, облыстық мәслихат хатшысы Н.Құдайбергенов бірге болды. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда.