Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Комиссия мүшелері Қазақстан астығын экспорттау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол сияқты құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сол сияқты Үкімет басшысы көші-қон саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда заңсыз көші-қонға қарсы, сол сияқты оралмандарды бейімдеу жөніндегі іс-шаралар қаралды.
Осы күні түстен кейін Кәрім Мәсімов Қазақстанның, Белоруссия мен Ресей Федерациясының ішкі істер министрлері Серік Баймағанбетов, Анатолий Кулешов және Рашид Нұрғалиевпен кездесті. Кездесуде ішкі істер органдарының Кеден одағы шеңберіндегі өзара іс-қимылдары туралы мәселелер талқыланды.
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ