28 Тамыз, 2010

“ҚазТрансОйл” АҚ-та мемлекеттік тіл мерейлі­­

513 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
“ҚазТрансОйл” акционерлік қоғамы “ҚазМұнайГаз” акцио­нер­лік қоғамы” ұлттық компания­сының еншілес кәсіпорны болып табылады. Бүгінде акционерлік қоғамда Тілдерді қолдану мен да­мытудың мемлекеттік бағдарла­масын орындау мақсатында жүйелі де ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Акционерлік қоғамда қазақ тілін қолданысқа енгізу шаралары 2004 жылдан бері мақсатты да жүйелі түрде қолға алынған. Ал­ды­мен құқықтық және ғылыми негіз жасалды. Өткен жылдар ішінде үкі­меттік шешімдер негізінде тұғыр­на­малық құжаттар әзірленіп, акцио­нер­лік қоғам басқармасының ше­шім­дерімен бекітілді. Бұл ретте “ҚазТрансОйл” АҚ-та қазақ тілін қолдану мен дамыту жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған бағдар­лама”, “ҚазТрансОйл” АҚ қызмет­керлеріне қазақ тілін оқыту тәртібі туралы қағида”, “ҚазТрансОйл” АҚ-та қазақ тілінің біліктілігі кон­кур­сын өткізу тәртібі туралы” тұ­ғыр­лық құжаттарды атап өткен жөн. Осы тұғырлық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылатын ке­шен­ді шараларды тұрақты жүргі­зе­тін арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп келеді. Комиссия акционерлік қоғам бұйрығымен бекітілген ережені басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды. Комиссияның орталық жұмыс органы – мемлекеттік тілді дамыту секторы. Бұл сектор кеңсе құрамында, сондықтан екі бағыныс жүйесі бойынша есеп береді, яғни акционерлік қоғамда қазақ тілін енгізу мәселесімен екі арнайы орган – комиссия және сектор айна­лы­сады. Бұл ретте олардың жұмыс­та­рын құрамында 9 адамы бар қо­ғам­дық комиссия үйлестіріп, бағыттап отырады. Ұжымда беделді, ана тілі­мізге жанашыр жандардан құралған бұл комиссия акционерлік қоғам бас­шылығы мен кеңсе сек­торы ара­сында дәнекерлік қызмет­тер атқа­ра­тын көпір сияқты. Сек­тор дайын­да­ған шаралар, мемле­кет­­тік тілдің қолданыс аясын кеңіту және дамыту жөніндегі ұсыныстар алдымен ко­мис­сияда талқыланып, акционерлік қоғам басшылығына тиянақты пікір ретінде ұсынылып отырады. Жұ­мыс­ты осылай ұйым­дастыру басшы­лық арасында болып тұратын ауыс-түйістерге тым тәу­елді болмай, бел­гілеген мақсатқа жету жолында үрдісті міндеттерді үз­дік­сіз ат­қара беруге мүм­кін­дік бе­реді. Сектордың шта­­тында 3 адам – бас менеджер, бас маман, жетекші маман, сондай-ақ жалдау шартымен 2 адам – аудармашы, қа­зақ тілінің оқытушы­сы, барлығы 5 адам ең­бек етеді. Бұдан басқа акцио­нерлік қоғамның еліміз­дің 14 облысын қамти­тын 4 филиалы және осы филиалдардың жер­гі­лікті жерлерде одан әрі тармақталған онда­ған бөлімшесі бар. Міне, осы құрылымдарда, жал­пы алғанда акционерлік қоғамда тікелей қазақ ті­лін дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін артты­ру мәселелерімен 50-ге жуық маман тікелей ай­­на­лысады. Жергілікті жер­лердегі филиалдар­­­дың дирек­тор­лары мен қазақ тілін дамыту ко­миссиялары атқарған іс шаралары барысында жылына екі рет есеп береді. Орталық аппарат комисиия­сы олардың ақпараттарын талдап, акционерлік қоғамның бас дирек­то­рына істің жайы туралы жан-жақты мәлімет беріп отырады. Осы­ған байланысты орталық аппа­рат комиссиясы және мемлекеттік тілді дамыту секторы филиалдарды және олардың жергілікті құрылым­дық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатындағы жұмыс­тарын тұрақты түрде тексеріп отырады. Орталық аппаратта, филиалдарда және олардың жер-жердегі құры­лымдық бөлімшелерінде қызмет­кер­­лерге қазақ тілі алтыншы жыл қа­тарынан тұрақты негізде оқы­ты­лып келеді. Арнайы қазақ тілі кабинеттері жасақталған. Орталық аппаратта оқи­тын қызметкерлер саны жыл сайын 140 адамды құ­райды. Сабақ қызметкерлердің білім дәрежесіне сәйкес 8 топқа жіктеліп, бастауыш, жалғастыру және тереңдеп оқыту топ­тарында аптасына 2-3 рет өткі­зіледі. Мем­лекеттік тілді оқу барлық қызмет­кердің лауазымдық міндетте­рінің қатарына кіргізілген. Ал лауа­зым­дық міндетін орындамаған адам­ға еңбек заңнамасында көзделген тәртіптік жазалардың кез келгенін қолдануға болады. Тіл үйретуде құ­қықтық негіз жасау деген осы. Ос­ындай игі шаралардың нәтижесінде қазір орталық аппаратта мемле­кет­тік тілде жұмыс істей алатын  қыз­мет­кер­лер саны 100 адамнан асты. Мем­лекеттік тілді білмейтін қызмет­керлер жасына, лауазымына қара­мас­т­ан оқуға тартылады. Басшылар жеке кесте жүйесімен оқиды. Осы арада ерекше атап өтетін бір мәселе – оқы­туды балабақша, мектептен бас­тайық, үлкендерге тиіспейік деген тұжырым түбірімен қате. Мемле­кеттік тілді оқыту  адамның жасына қарамастан жаппай жүр­гі­зілуге тиіс. Акционерлік қоғамның оқу қағидасына сәйкес жыл сайын қыркүйектен маусым айына дейін 9 айлық оқу жылы аяқталған соң, оныншы ай – маусымда орталық аппаратта, филиалдар мен барлық құрылымдық бөлімшелерде қазақ тілін үйренушілер емтихан тапсы­ра­ды. Биыл емтихан қабылдауда тұң­ғыш рет “ҚАЗТЕСТ” жүйесі сы­нақтан өткізілді. Оқыту бағдар­ла­масы за­манауи оқу құралдарын ке­ңінен қолдану тәсілімен жүргі­зі­леді. Акционерлік қоғам тапсы­ры­сы­мен әзірленіп, Мемлекеттік тер­ми­но­ло­гия комиссиясы мақұлдаған мұнай-газ саласы терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша үштілдік нұс­қа­лы сөздігінің электрон­ды түрі бар­лық компьютерге енгі­зілген, кі­тап түріндегі сөздіктер орталық ап­па­­рат­тың әрбір қызметкеріне тара­ты­­лып берілген. Бұл ретте Мә­де­ни­ет министрлігі Тіл комитетінің сөз­дік­тер, түрлі көмекші құралдар беру ар­қылы жасап отырған зор кө­ме­гіне ризашылық білдірген орында. 2008 жылдан бері акционерлік қоғам қызметкерлері арасында қазақ тілін білу және құжаттарды мемлекеттік тілде жетік әзірлеуге арналған “Қазақ тілі – менің тілім” конкурсы ойдағыдай өткі­зі­ліп келеді. Осындай конкурстар өт­кізу дәстүрге айналған. Биыл оның қорытынды сайысын қыркүйекте – Тіл күні қарсаңында өткізу жос­пар­лануда. Білім күні қарсаңында алғаш мектепке баратын бүлдір­шін­дерді марапаттау шаралары өт­кізіледі. Акционерлік қоғамның жыл сайынғы бюджетінде мемле­кет­тік тілді дамытуға арнап қомақ­ты қаржы бөлінеді. Мәселен, былтырғы жылы бұл мақсатқа 4 миллион теңге бөлінсе, биылғы жылы 10 миллион теңге бөлініп отыр. БҰҰ-ның Наурыз мейрамын адамзат құндылықтарына қосуына және елімізде бұл 3 күндік мереке болып белгіленуіне байланысты биыл Наурыз мерекесі орталық аппаратта апталық ретінде аталып өтілді. Қоғамда қазақ тілін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жақсы атқарып жүрген мемлекеттік тілді дамыту секторының бас менед­же­рі А. Ысымұлының еңбегін ерекше атап өткен орынды. Өткен жылы  қо­ғамның 5 қызметкері “Тіл” қо­ғам­дық бірлестігі мен “Тіл” жур­на­лының “Қазақ тілінің жанашыры” төс белгісімен марапатталды. Акционерлік қоғамда мемле­кет­тік тіл мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақ­сатындағы ізгі бастамалар мен мақ­сатты да жүйелі шаралар алдағы уа­қыт­та да жалғасын табатын болады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.