* * *
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығымен бекітілген
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесі
Осы ереже “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді. Осы ереже талаптары, ұйымдастырушы-құқықтық нысандарға және бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан техникалық комитеттер мамандарына таратылады. 1. Жалпы ережелер 1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК) мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. 2. ТК – экономика салаларында стандарттарды әзірлеу және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган. 3. ТК ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық бюролардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет салаларында ғылыми-техникалық әлуеті және жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік органдарының қатысуымен (бұдан әрі – ТК мүшелері) құрылады. 4. ТК-ны құру туралы шешімді және оның құрамын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді. 5. ТК орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты, Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК), стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының және халықаралық электр техникалық комитеттеріне (ХЭТ, ИСО ТК) бөлінеді. 6. ТК Кеңесі қызмет саласында және оларға бекітіліп берілген стандарттау объектілері бойынша шешім қабылдауға арналған техникалық хатшылық төрағаларының жиналысын білдіреді және төраға, оның орынбасары (қажет болған кезде), хатшы, ТК-ға өкілетті мүше - өкілдерден тұрады. 7. ТК хатшылығын ТК Кеңесінің хат-хабарын жүргізу, отырыс құжаттарын дайындау және рәсімдеу, ТК қызметін үйлестіру мақсатында базасында ТК құрылған ұйым жүргізеді. Техникалық хатшылықтың құрамы және Төрағаның кандидатурасы ТК-ның барлық мүшелерімен келісіледі және уәкілетті орган бекітеді. Техникалық хатшылық хат-хабарды осы ұйымның бланкісінде қажетті деректеме жинақтамасымен жүргізеді. 8. ТК-ның мүшелері дауыс құқығын және өз функцияларын ТК Кеңесінің мәжілістерінде немесе ТК-ның тапсырмасы бойынша жұмыстарды орындау процестерінде жүзеге асырады. 9. ТК-ның ұйымдастырушылық және жұмыс мәжілістері сырттай, жазбаша (пошталық немесе электрондық) талқылау және пікір алысу жолымен өткізіле алады. Осындай мәжілістердің қорытындыларын қарастырудан кейін (құжаттарды бекітуге немесе оларды әрі қарай қарастыру мен әзірлеуден алып тастау туралы) түпкілікті шешімді ТК Кеңесі қабылдайды. Шешімдер дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Кеңестің шешімін Техникалық хатшылық ТК-ның барлық мүшелеріне бір апталық мерзімде жеткізеді. 10. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ТК мүшелері ТК Төрағасының келісімімен уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде ТК құрамына кіре және шыға алады. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек. 2. ТК құру тәртібі 11. Базасында ТК құрылатын ұйым уәкілетті органға ТК құру туралы негіздемесі болатын өтініш жібереді. Ұсынысты мыналар қамтылады: 1) ТК-ны ерікті түрде құру туралы өтініш; 2) ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК-ны құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысына жағдайлар жасау мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараты бар толық және қысқартылған атауы. Келісім еркін формада жазбаша ресімделеді; 3) ТК-ға бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің саласы; 4) ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы болжалған жұмыс бағдарламасы; 5) ТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімі бар ТК-ға мүше-ұйымдар тізімі; 6) базасында ТК құрылатын ұйым (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған) жарғысының көшірмесі. 12. Уәкілетті орган егер көрсетілген қызмет саласы әрекет етуші ТК өтініш жасамаған жағдайда ғана ТК құру туралы ұсынысты қарастырады. ТК құрған кезде қолданылу саласы мен стандарттау нысандарын олардың қайталануын болдырмай әрекет ететін ТК нақты шектеуі керек. Егер уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, ол ТК құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық шығарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді және оған қосымша құжаттамаларды өтініш беруші-ұйымға толықтыру үшін қайтарады немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту себептері туралы негіздемесімен өтінімді қабылдамайды. 13. Уәкілетті орган ТК-ға идентификациялық (реттік) нөмір және атау береді. Техникалық комитеттің белгісі “ТК” әріптері мен идентификациялық нөмірден тұрады (мысалы ТК 156). ТК туралы мәліметтер Интернет-ресурсқа (www.memst.kz) орналастырылатын Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі. 14. Хатшылық ТК қызмет ету саласы, құрылымына қатысты барлық өзгерістерді уәкілетті органға жібереді. 15. ТК хатшылығы осы Ереженің 7-бабында айқындалған талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган хатшылықты жүргізуді ТК құру және тіркеу процедурасын қайта өткізетін, яғни осы ТК мүше – ұйымдармен келісе отырып, ТК құрамына кіретін басқа ұйымға береді және ТК құрамына және құрылымына тиісті өзгерістер енгізеді. 16. ТК құрылған және құрамы бекітілген күннен бастап екі ай ішінде ТК хатшылығы уәкілетті органға ТК туралы құрылым мен ережені дайындайды және келісу үшін жібереді. 17. ТК құрылымы ерікті формада мынадай қосымшаларымен бірге ұсынылады: 1) ТК төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және уәкілетті мүше-өкілдерін қамтитын тізімдік құрамы; 2) әрбір ішкі комитет үшін стандарттау саласының (қызмет ету салалары) объектілері, оның құрамы және хатшылық мекенжайы көрсетілетін ішкі комитеттер тізбесі (бар болса). 18. ТК туралы ережені ТК төрағасы бекітеді. 19. Базасында ТК орналасқан заңды тұлғаны қайта құрған жағдайда, ТК уәкілетті органға орнын ауыстырғаны туралы жазбаша хабарламаны бір айдан кешіктірмей жібереді. 20. ТК стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін өзінің шешімімен барлық ТК-ға қарағанда барынша санаулы стандарттау салаларында бір немесе бірнеше ішкі комитеттерді (ІК) анықтау және осы шешімде осы ішкі комитеттердің жұмыс тәртібін анықтайды. 21. Әрбір ішкі комитет өзінің меншікті идентификациялық (реттік) нөмірі мен атауын алады. Ішкі комитет белгісі ТК белгісінен, көлбеу сызық, “ІК” әріптерінен, кіші комитет нөмірінен және оның атауынан тұрады. Қысқаша атауы атаусыз белгілерді қамтиды (мысалы, ТК 156/ІК 2). 22. ТК, ІК шегінде нақты жобамен жұмысты ұйымдастыру үшін (мысалы, стандарт әзірлеу үшін) жоба аяқталғаннан кейін өз жұмысын тоқтататын жұмыс топтары (ЖТ) құрылады. Жұмыстық топтың басшысы мен жұмыс тәртібі ТК Кеңесінің отырысында анықталады. 23. ТК ІК және ЖТ құрылымы, құрамы ТК отырыстарында қалыптастырылады. 3. ТК-ның жұмыс тәртібі 24. ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін арттыруға, оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технология, қызметтермен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған. 25. Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды ұйымдастырады және функцияларды іске асырады: 1) бекітілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; 2) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді белгіленген тәртіппен әзірлеуге және сараптауға қатысу; 3) техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі мемлекеттік техникалық реттеудің жүйесін дамыту бағдарламаларына ұсыныстар дайындау; 4) ТК-ға бекітілген нысандар бойынша ұйым стандарттарын, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу, қарастыру, келісу; 5) қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзгерістер әзірлеу; 6) ТК-ға бекітілген нысандарға арналған республикада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды жою бойынша ұсыныстар даярлау; 7) республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды бірыңғайлау және мемлекетаралық, халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттары және құжаттарымен үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындау және жұмыстар жүргізу; 8) ТК бекітілген нысандар бойынша стандарттаудың техникалық деңгейі мен қол жеткізілген деңгейін бағалау. 26. ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу жылының алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін уәкілетті органға ұсынылады. 27. ТК жарты жылғы қорытынды есептері келесі есептік кезең айының 5-іне дейін уәкілетті органға ұсынылады. 4. ТК халықаралық және мемлекетаралық ТК - мен (ИСО/ТК, МТК және ХЭК/ТК) өзара әрекет ету тәртібі 28. ТК халықаралық, мемлекетаралық техникалық комитеттермен өзара әрекеті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады. 29. ТК ИСО/ТК, МТК және ХЭК/ТК ену үшін уәкілетті органға ТК төрағасының қолы қойылған өтінімді жіберу керек. 30. Іс-әрекет ететін “ұқсас” жасалатын МЭК немесе сәйкес ИСО техникалық комитетінің қызметіне жақын немесе сәйкес келетін қызмет саласы, халықаралық ТК-ға өзара әрекет ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін ИСО, ХЭК хатшылығынан келетін стандарттар жобаларын аудару үшін штатта ағылшын тілін білетін маман болуы керек. 31. Уәкілетті орган халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттермен хат-хабар алмасуды жүзеге асырады және стандарт жобаларын ТК-ға жібереді. 32. Мемлекетаралық және халықаралық ТК-ға мүше болған ТК мынадай міндеттемелер атқарады: 1) пікір жазуға жіберілетін стандарттар жобасын қарастырады және уәкілетті органға ұсынады; 2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады; 3) стандарттар әзірлеу кезінде қатысатын сарапшылар мен қадағалаушыларды ұсынады; 4) стандарттар жобалары бойынша дауыс беру сатыларында қорытынды әзірлейді. 5. ТК тарату 33. ТК мынадай жағдайларда таратылады: 1) осы Ереженің 3-тарауында көрсетілген функцияларды орындамаған кезде; 2) егер ТК құруды жүзеге асыру үшін барлық жұмыстар орындалған болса; 3) ТК бастамасы бойынша. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6276 болып енгізілді.