28 Тамыз, 2010

Еліміз қызметіне жоғары баға

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Парламентінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Киммо Килюненмен кездесті. Кездесудегі әңгіме барысында Қырғызстандағы жағдай туралы пікір алмасылды. Осы елдегі алдағы 10 қазандағы парламенттік сайлау да ескерілді. К.Килюнен ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етудегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады және парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайтуды, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара сындарлы іс-қимылды жақтайтыны туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының баспасөз қызметі.