Ақтөбеде Экономикалық даму және сауда министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асыру барысы және әкімшілік кедергілерді қысқарту” атты республикалық көшпелі кеңес өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, облыстық әкімдіктердің өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жеке кәсіпкерлер, қаржы және банк саласының қызметкерлері қатысты. Кеңесті облыс әкімі Елеусін Сағындықов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Облыс басшысының айтуынша, өңірдің экономикалық даму қарқыны тәуір. Үстіміздегі жылдың жеті айында өнім өндіру анағұрлым артты. Сондай-ақ, салық және басқа төлемдердің түсімі де арта түскен. Облыста тұрғын үйді пайдалануға беруде де ілгерілеушілік бар. Тұтыну бағаларының индексі де республикалық деңгейден біраз төмен. Биыл облыс ішкі жалпы өнім өндіруді 6 млрд. АҚШ долларына жеткізуге бағыт ұстауда. Облыста “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асыруға тыңғылықты дайындықтар бар. Биыл 43 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Орта және шағын бизнесті дамыту, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы 25 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Кеңесте сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев республикалық кеңесті өткізуге Ақтөбенің таңдалуының өзіндік мәні бар екенін атап өтті. Облыс “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асыруда еліміздегі бірден-бір көшбасшы өңір, деді ол. Биыл осы мақсатқа бөлінген 629 млн. теңге қаржының 405 млн. теңгесін игеру көзделуде.
Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайыновтың айтуынша, “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асыру жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және экспортқа бағдарланған өндірісті қолдау бағыттары бойынша жүргізілмек.
Бағдарламаның үш бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы сомасы 231,4 млрд. теңге құрайтын 481 өтінім түсіпті. Бүгінгі күнге дейін барлық үш бағыт бойынша жалпы құны 41,14 млрд. теңге мөлшеріндегі 55 өтінім өмірге жолдама алыпты.
Содан кейін сөз алған “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова қордың жұмысы және оның мүмкіндіктері туралы әңгіме өрбітті. Бағдарламаны жүзеге асырудың кейбір мәселелерін қозғаған Қазақстан Қаржыгерлері ассоциациясының төрағасы Серік Аханов шағын және орта бизнесті қаржыландыруға тоқталды. Жиында екінші деңгейдегі банк өкілдері және мақұлданған жобалардың басшылары да өз ойларымен бөлісті. Содан кейін Астана және Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарларының бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есептері тыңдалды.
Кеңесте Үкіметтің әкімшілік кедергілерді қысқарту және бизнес ахуалды жақсарту бағытында жүргізіп отырған жұмыстары да жан-жақты әңгіме өзегіне айналды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55