Таяуда Астанада “Қазақстанның Даму банкі” АҚ пен Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында меморандумға қол қойылды.
ҚДБ тарапынан қол қойған аталмыш банктің басқарушы директоры – басқарма мүшесі Мүсілім Бектептің айтуынша, жасалған меморандумның негізгі мақсаты – банктің инвестициясының қатысуымен Индустриалдандыру картасы шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың тәуелсіз мониторингін өткізу саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. Ал Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Бекзат Қалиевтің пікірінше, палатаның инвестициялық жобалар мониторингін іске асыруы банктің инвестициясының қатысуымен жүзеге асырылатын ел үшін маңызды нысандарды іске асыру мен салу мониторингін жүргізуге және дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта банктің инвестициясының қатысуымен Индустриалдандыру картасына енген 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте банк инвестициясының көлемі 2,2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бұдан басқа Индустриалдандыру картасына енген тағы да 14 инвестициялық жоба қараудың әр түрлі сатысында екенін атап өту қажет.
2010 жылдың басынан банк тобы Индустриалдандыру картасына енген 8 инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізді, оларды іске асыру кезінде 2 300 жұмысшы қатысып, 3200 жуық жұмыс орны ашылды. Осы жылдың соңына дейін Индустриалдандыру картасына енген тағы да 10 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оларды іске асыру барысында 3200-ге жуық жұмысшылар тартылып, 3100-ден астам жұмыс орны ашылады.
“Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры” АҚ құрамына кіретін “Қазақстанның Даму банкі” АҚ қызметінің басты бағыттары – мемлекеттің инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша қызмет ету.
“Егемен-ақпарат”.