01 Қыркүйек, 2010

Қазақ университетінің 70 ректорлық гранты халықаралық және республикалық байқаулар, олимпиада, ғылыми жоба жеңімпаздары мен “Алтын белгі” иелеріне табыс етілді

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ ұлттық университеті биылғы оқуға қабылдау бойынша 3200 мемлекеттік білім грантымен көшбасшы атанып отыр. Соны­мен бірге ол Бірыңғай ұлттық тес­тіде жоғары балл жинап, бірақ, мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған талапкерлерге қол­дау көрсетуде. Талапкерлердің ба­сым бөлігін “Алтын белгі”, ерек­ше үлгідегі аттестат иегерлері және т.б. құрайды. Қабылдау комиссиясының деректеріне сүйенсек, 2010 жылы ҚазҰУ студенттерінің қатары 700 “Алтын белгі” иегерлерімен және 150-ден астам халықаралық ол­им­пиада жеңімпаздарымен то­лық­ты. Енді олардың қатарына ректорлық гранттардың иегерлері де қосылып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, ректорлық грант­тардың саны 3,5 есеге көбейген. Жоғары “сапа” мен биылғы жылдың рекордты көрсеткіштері Қазақстанның жоо бас рей­тин­гі­сінде бірінші орында тұрақтаған Қазақ ұлттық университеті үшін таңғаларлық жәйт емес. Бас білім ордасы екінші жыл қа­тарынан жаңа студенттерді қабылдау тұжырымдамасын жүзе­ге асырып жатыр. Бұл стратегия шең­берінде республикамыздың түкпір-түкпі­рінде орасан зор кәсіби бағыт­тағы жұмыстар жа­салды. Қазақ­стан­ның 14 облы­сын­да “Әл-Фараби” пән­дік олим­пиадалары өтіп, уни­вер­си­теттің арнайы комиссиясы да­рын­ды мектеп оқушыларын іздестірді. Жоғарыда аталған 70 ректор­лық грантты студент атанған қуа­нышты талапкерлерге тапсырып тұрып ректор Бақытжан Жұма­ғұ­лов биылғы бірінші курс студент­те­рінің жоғарғы деңгейі қазақ­стандық интеллектуалды ұлттың жаңа толқынын қалыптастыру мен білікті мамандарды даярлау ісінде мықты негіз болатынына сенімді екендігін атап көрсетті. Қорғанбек АМАНЖОЛ.