01 Қыркүйек, 2010

Партия – бұқаралық спорттың насихатшысы

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы өзінің халыққа Жол­дауында бұқаралық спорт пен туризм саласын дамытуға ерекше мән бергені белгілі. Осыған орай Мәдениет министрлігі Жолдау­дағы негізгі басымдықтар мен тап­сырмаларды түсіндіру бойын­ша үкіметтік емес ұйымдар ара­сында мемлекеттік сатып алу байқауын ұйымдастырғанды. Аталған байқау жеңімпазда­ры­ның бірі – “Қазақстанның спорт одағы” заңды тұлғалар бірлестігі саламатты өмір салтын насихаттау және туризмді, бұқаралық спорт­ты дамыту саласына қатысты Жол­даудағы басымдықтарды тү­сін­діру іс-шараларын жан-жақты жүргізу үстінде. Осы ретте “Қа­зақ­станның спорт одағы” ЗТБ спорт инжинирингі саласында жұ­мыс істейтін компаниялар то­бы­ның бастамасымен өткен жы­лы өмірге келгендігін айта кету ке­рек. Міне, бұл бағытта да жүйе­лі жұмысымен танылған “Нұр Отан” халықтық-демократиялық пар­тиясы да ел тұрғындары ара­сын­да спортты дамытуды наси­хаттап жүр. “Нұр Отан” ХДП Орта­лық аппаратының баспасөз орта­лы­ғын­да жобаның жүзеге асыры­луына орай “Қазақстан Респуб­ликасында бұқаралық спорт пен туризмді дамыту” тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында осы мәселе жан-жақты әңгіме өзегіне айналды. Оған “Қазақстан спорт одағы” заңды тұлғалар бірлес­ті­гінің атқарушы дирекциясының төрағасы Ерлан Жанғұлов, “Нұр Отан” ХДП Орталық аппараты Сая­си жұмыс департаментінің ди­рек­торы Павел Казанцев қатысты. Жоба еліміздің барлық өңір­леріндегі тұрғындардың саламат­ты өмір салтына және спортқа де­ген көзқарасын айқындауды көз­дейді. Сондай-ақ бұқаралық спорт­тың дамуы мен спорттық ин­фрақұрылымның жағдайына қатысты кешенді зерттеулер жүр­гізу жоспарланған. Бұдан басқа аймақтардағы туризм саласын­да­ғы жағдайды зарделеуге арналған зерттеулер орын алары да белгілі болып отыр. Тағы бір белгілі болғаны, жоба қорытындысы бойынша Астана қаласында республикалық семи­нар өтеді. Онда еліміздің барлық ай­мақтарында өткізілген іс-ша­ралар қорытындысы шығарылып, спорт­ты дамыту тәжірибелері ек­шеліп, ұсыныстар әзірленеді және нақты тетіктер талқыланатын болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.