Өскемендегі дені дұрыс деген “Восток” стадионының күйі кетіп, сұрқы қашқанына да біраз жылдардың жүзі болған-тын. Облысты басқарған талай басшы стадионды жөндейміз деп уәде бергенімен, ол орындалмай келген еді. Өңір басшысы Б.Сапарбаев стадионды аралап, оны жөндеген жөн деп тапты. Артынша “Қазақмыс” корпорациясы басшыларымен уағдаластыққа қол қойған еді.
Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бір кездері “Восток” спорт клубын ұзақ жылдар басқарған, қазір Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Владимир Головатюктің айтуынша, стадионды жаңартуға деп бөлінген 600 миллион теңге мәслихат депутаттарының қатаң назарында екен. Батыс трибуна жабық болып, жаңа газон төселмек. Ұзындыққа және биіктікке секіру, басқа да алаңдарға соңғы жабдықтар орнатылмақ. Қысқасы, жаңа стадион көпшілік жиі жиналатын орынға айналмақ.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.