Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қаулы етемін:
1. “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережелерінде:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі “Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар” деген сөздер “Жеке кәсіпкерлік субъектілері” деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта “қорғау министрлігі,” деген сөздерден кейін “Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,” деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта:
бірінші абзацтағы “белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды” деген сөздер “материалдарды бір данада” деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы “сауалнама” деген сөз “өтінім” деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы “(диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар” деген сөздер “(ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)” деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы “болуы тиіс” деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
“4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс”;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толыктырылсын:
“4) “Экологияға қосқан үлесі үшін”.
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің кызметі қаралады.”;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
“13-1. Гран-при – конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.”;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әшімов – Қазақстан Республикасының
Нұрғали Қоршаған ортаны қорғау
Сәдуақасұлы министрі,
Құл-Мұхаммед – Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет министрі;
мына:
“Мыңбаев Сауат – Қазақстан Республикасының
Мұхаметбайұлы Энергетика және минералды
Ресурстар министрі
Исекешев – Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда министрі”
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
“Мыңбаев Сауат – Қазақстан Республикасының
Мұхаметбайұлы Мұнай және газ министрі”,
“Исекешев – Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі”;
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) “Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 30, 367-құжат; 2007 ж., № 21, 233-құжат);
2) “Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 233-құжат).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың төртінші, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы шілденің 16-сы. № 1029
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізу ережелеріне қосымша
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсына қатысушының өтінімі
Тіркеу нөмірі___________________________________
1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы____________________
Тіркеу орны бойынша мекен-жайы_________________
Орналасу орны бойынша мекен-жайы______________
2. Ұйымның басшысы ___________________________
(тегі, аты, әкесінін аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекен-жайы және факс нөмірі)_________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
Үздік ұжымдық шарт;
Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны________________________
8. Заңды (жеке) тулғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)______________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары_________
10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша ____ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс
Қолы
Мөрі
Күні