01 Қыркүйек, 2010

Мұхиттың арғы жағынан келген жолдау

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын атап өтуге орай өзінің сәлемдемесін жолдады. “Біздің елдеріміздің өзара сыйластығы мен мүдделері тығыз әріптестіктің негізі және біздің елдеріміздің өркендеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді”, – деп атап өткен өзінің жолдауында АҚШ Мемлекеттік хатшысы. Ол еліміздің Конституциясы АҚШ-тың америкалық демо­кра­тияны кепілдік етуде ұстанып отыр­ған қағидаттарына пара-пар екендігін айта отырып, Қазақстан Конституциясының негізгі қағидат­тарына жоғары баға берді және Қазақстанның осы жылы ЕҚЫҰ төрағалығына қол жеткізуінде дәл осы жетістіктер арқау болды деп атап өткен. “Сіздердің Конститу­цияларыңыз Қазақстан халқының алдағы уақыттағы жетістіктеріне негіз болады және біздің елдеріміз арасындағы тығыз байланыстың кепілі болады”, – делінген хатта. Сонымен қатар, Қазақстан алдағы болатын ЕҚЫҰ Саммитінде өзінің демократиялық дамуға қатаң ұстанымын тағы да паш етеріне сенімін білдірген. Өз жолдауының соңында Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Қазақстанмен бірлесе отырып “бейбіт және гүлденген болашақ құрылысы жөніндегі” жұмыстарын жалғастыру міндеттерін қуаттады. Мұхиттың арғы жағынан келген жолдау Астана мен Вашингтон арасындағы саяси үнқатысудың жоғары деңгейінің және өзара сыйластықтың шынайы белгісі болып табылады. Нұрбек АЛМАШОВ.