02 Қыркүйек, 2010

“Алтын баланың” ұстазы сыйлыққа мәшине алды

507 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Алтын бала” дегеніміз, ол – Қуат Есенов, облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Мате­ма­тика пәнінен жұлдызы жанған жас. Қуат Американың Массачусетс уни­верситетін бітіріп, қазір сол жақ­та оқуын әрі қарай жалғас­тыруда. Ал, осы “Алтын баланың” ұс­тазы дегеніміз ол – Давид Га­не­лин, физика-математикаға қабілеті жоғары балаларды оқытып, дайын­дап шығаратын атақты мұғалім. 2003 жылы Елбасының Жарлығы­мен ұзақ жылғы ұстаздық еңбегі ес­керіліп, “Ерен еңбегі үшін” меда­лімен марапатталды. Бұл мектепке оқуға келетін оқушылар үлкен таң­даудан, сынақтан өтеді. Көпшілігі Қуат сияқты Ганелиннің атақты шәкірттерінің бірі болғылары ке­леді. Лицейде оқып жүрген кезінде Қуат Жапонияда өткен халық­ара­лық олимпиададан алтын медаль­мен, ал Нью-Йорк пен Шотлан­дияда өткен жарыстардан күміс медальмен оралды. Дарынды ба­лаларға арналған мектеп-лицейде оқушыларға математика-физика пәндерінен сабақ бере жүріп, Га­нелин қолы сәл босай қалғанда оқу­лықтар жазумен де айналысып жүр. Бар арман-мақсаты – матема­тикаға, физикаға аса қабілетті оқу­шылардың дарындарын шыңдап, халықаралық олимпиадалық жа­рыс­тарда еліміздің атын әлемге та­ныту. Бұл күндері шәкірттері Аме­рикада оқитын, математика пәні бойынша еліміздегі үздік ол­им­пиадалық мектеп болып та­бы­латын №8 лицейдің мұғалімі Давид Гане­лин үшін биылғы жаңа оқу жылы әрі қуанышты, әрі табысты бастал­ды деуге болады. Ұстаз еңбегі ақ­тал­ды. Жуырда болып өткен дәс­түрлі тамыз мәслихатында Давид Ганелинге, облыс орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі Роза Қасымжановаға және Шарбақты ауданы Жылыбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі Сұлушаш Қалдыбаеваларға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев “Жигули” жеңіл автокөлігінің кілттерін тапсырды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.