02 Қыркүйек, 2010

Қор делегациясымен кездесті

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Германияның Кёрбер атындағы қордың делегациясымен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуді ашқан комитет хатшысы Виктор Роголев Қазақстан Республикасы мен оның Конституциясының 15 жылдық тарихына тоқ­та­лып, меймандарды Қазақстанның қос па­латалы Парламентінің құрамымен таныстырды. Қордың халықаралық саясат бойынша жетек­шісі, доктор Томас Паульзен сөз алып, сапар­ларының мән-мақсаты туралы айтты. “Аталған қор мүшелері – министрліктер мен Бундестагтың өкілдері. Олар жылына бір рет Германия үшін айрықша стратегиялық маңызы бар елге сапар жасап, әр түрлі пікірталас өткізіп қайтады. Биыл Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болып, Германияның Қазақстандағы жылы өтіп жатқандықтан, жастардың осында ықыласы ауды”, – деді ол. Меймандармен кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Наталья Геллерт пен Камал Бұрханов қатысты.