02 Қыркүйек, 2010

Сенаттың күзгі сессиясы ашылды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламенттің төртінші шақырылымының кезекті сессиясындағы палата отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Депутаттар алдында сөз алған Төраға жұмыстың басталуымен құттықтай келіп, төртінші сессия­сының ашылуында Мемлекет басшысы Парламенттің қызметін жоғары бағалағанын және алдағы уақыттағы жұмыстың бағыт-бағдарын белгілегенін атап өтті. Қ.Тоқаев Президент Н.На­зарбаев белгілеген даму бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сапалы заңнамалық базаны қа­лыптастыру жөніндегі Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысына сенім білдірді. Отырыста депутаттар Консти­туция­ның 55-бабының 2) тармақ­шасына сәйкес, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне Нұртай Әбіқаевты та­ғайын­дауына келісім берді.