02 Қыркүйек, 2010

Төртінші сессия төрге озды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің ІV сессиясын сөз сөйлеп ашты. Сессияның ашылуы рәсіміне палата төрағаларымен қатар, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Президент Әкімшілігінің, Парламент палаталары аппараттарының және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Төртінші сайланған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентінің ІV сессиясының ашылуы  және Парламент депутаттары­ның ант беруі туралы күн тәртібіндегі қос мәселеге Мәжілістен ­– 106, ал Сенаттан 45 депутат дауыс беріп, бекітті. Жалпы, Парламент депутаттарының Қазақстан халқына ант беретіні белгілі. Қазақстан халқына беретін депутаттар антын Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті қабылдайды. Осылайша депу­тат­тар М.Алтынбаев, Н.Әбдіров, И.Елекеев, Ә.Жолшыбеков, Ж.Нұрғалиев және Қ.Ыдырысов салтанатты түрде Президент алдында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант қабылдады.