07 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрықтары

747 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығы 2010 жылғы 26 наурыз №70-Ө Астана қаласы “Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128 (1331) “Юридическая газета” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта: 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын: “4) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;”; 26-тармақтың: 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;”; 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “қалдықтарды кәдеге жарату кезінде;”; мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын: “4-1. Технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері. 42-1. Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықты қолдану жөніндегі құжаттама үшін ҚОӘБ осы Нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба шеңберінде өткізіледі. Сонымен бірге, техника мен жабдықтың экологиялық қауіпсіздігін негіздейтін материалдар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерімен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауын қамту керек. Қабылданған техникалық регламенттер жоқ болған жағдайда, халықаралық стандарттармен белгіленген экологиялық талаптарға сәйкестік талдауы жүргізіледі. 42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі: 1) технологиялық процестің және жабдықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы, олардың сыныпталуын; ұсынылып отырған технологиялар мен техникалық шешімдердің ғылыми жаңалығын және тәжірибелік бағалануын; технологиялық жабдықтың қоршаған ортаға эмиссиясын анықтау және есептеудің әдістемелік ыңғайдың сипаттамасын және бағалануын; қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттардың толық номенклатурасын (тізбесін) және олардың сипаттамасын; Қазақстан Республикасында олардың бар болуын көрсетумен түзілетін қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялардың талдануын, не олар болмаған жағдайда технологияны кәдеге жарату кезінде жоғары экологиялық қатердің талдануын, не оның экономикалық орынсыз екендігін; технологияны, техниканы және жабдықты қолданумен байланысты экологиялық салдарды бағалауды (болжамдау) сипаттайтын түсіндірме жазба; 2) қолданылатын технологияға талаптар кешенін (көрсеткіштер, нормалар, ережелер, қағидалар) қамтитын ұйымның (техникалық жағдайы) стандарты; 3) қоршаған ортаның әсерін бағалаудың белгіленген көрсеткіштерін (бар болған жағдайда) сақтау қамтамасыз етілетін технологияның, техниканың, жабдықтың аталған түрін қолдану рәсімі көрсетілетін пайдалануға беру бойынша нұсқаулық 4) алдын ала жүргізілген сынақтар (зерттеулер) бойынша материалдар (хаттамалар, анықтамалар, есептер); 5) сәйкестік сертификаттары (бар болған жағдайда); 6) технологияның, техниканың, жабдықтың олардың қолда бар ұқсас түрлерімен салыстырғандағы сипаттамасы, технологиялық үрдістің сипаттамасы.”. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық экологиялық стандарттарды ендіру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің міндетін атқарушы М. ТҰРМАҒАМБЕТОВ. _______________________ Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6166 болып енгізілді * * * Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығы 2010 жылғы 02 ақпан  № 81-Ө Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қолданыстағы ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, бұйырамын: 1.       Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің, Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2.        Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық экологиялық стандарттарды ендіру департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ, осы бұйрықта көрсетілген нормативтік құқықтық актілер жарияланған ресми баспасөз басылымдарына, осы бұйрықтың қабылданғаны жөнінде хабарласын. 3.       Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Н.ӘШІМОВ. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 02 ақпандағы № 81-ө бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің, Қоршаған ортаны қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 50-п “Қоршаған ортаны қорғау саласында өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 сәуірде № 1472 болып тіркелді, жарияланды: “Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені”, 2001 ж., № 23, ст.413); 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 117-п “Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжамды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанындағы № 68-п бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 мамырда № 2865 болып тіркелді, жарияланды: “Юридическая газета” 2005 ж 26 тамыз. № 157-158); 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 29 мамырдағы № 149-ө “Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 маусымда № 2911 болып тіркелді, жарияланды: “Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені”, 2005 ж. № 14, 66-құжат, “Заң” “Медиа-корпарация” ЖШС басылымы.); 4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 304-ө “Экологиялық аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамы мен жұмыс ережесін және экологиялық аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 қарашада № 3933 болып тіркелді, Жарияланды: “Заң газеті” 2005 жыл 14 желтоқсан № 169-170(796); 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 331-ө “Жеке және заңды тұлғалар іс- әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды' қауіптіліктің ңақты сыныбына жатқызу ережелерін бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 4002 болып тіркелді, жарияланды: “Заң газеті” 2006 жыл 27 қаңтар № 13-14(820); 6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 109-ө “Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 сәуірде № 4187 болып тіркелді, жарияланды: “Заң газеті” газеті 2006 жыл 19 мамыр № 89-90(896); 7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 294-ө “2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 109-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қарашада № 4441 болып тіркелді, жарияланды: 2006 ж. 19.05 № 89-90 “Юридическая газета” мен 2006 ж. 19.05 № 89-90 “Заң” газеттерінде жарияланған); 8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-ө “Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы” бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 қарашада № 4443 болып тіркелді, жарияланды: “Заң газеті” газеті 2006 жыл 17 қараша № 201(1007). * * * Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығы 2010 жылғы 29 сәуір №115-Ө              Астана қаласы “Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. “Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген № 4740, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы маусым) мынадай өзгерту енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесінде: 13-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр                                           Н. ӘШІМОВ. “Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-Ө бұйрығына өзгерту енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме №               Көрсетілуі тиіс                                                                                    Мемлекеттік органның мәліметтердің тізбесі                                                                                         ақпараты 1.  Нормативтік құқықтық                                                                                        Қазақстан Республикасы Қоршаған актіні ұсынатын мемлекеттік орган                                                              ортаны қорғау министрлігі 2. Нормативтік құқықтық актінің тиісті                                                          Қазақстан Республикасының Экологиялық нормасына сүйене отырып, нормативтік                                                      кодексінің құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі                                                            17-бабы 29)-тармақшасы (мемлекеттік органның құзыреті)                                                                  3. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау                                                   “Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары,                                                    есепке алу туралы” себептері және акт неге байланысты қабылданды)                             2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2 тармағының 4) тармақшасымен сәйкестендіру үшін. 4.  Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған                                              1) “Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды нормативтік құқықтық актілер және нормативтік                                  тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптама құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың                                 саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру өзгергені және толықтырылғаны немесе күші                                          ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер                                          қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-Ө бұйрығы; 2) “Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 236-ө бұйрығы 5  Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды                                 Жоқ мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер                                                                                6   Осы нормативтік-құқықтық акт республикалық                                      Қарастырылмайды немесе жергілікті бюджеттің көбеюін немесе қысқаруын қарастырама                                                                                  Нормативтік-құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік                               Қажет емес органдармен келісу туралы мәлімет                                                             Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі  Н. ӘШІМОВ. _________________________ Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6266 болып енгізілді