07 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрықтары

438 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы 2010 жылғы 3 маусым №99 Астана қаласы “Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы “Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. “Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 5356 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсанда № 184 (1584) “Заң газеті” газетінде жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада: 3-бағандағы атауы мынадай “салыстырып тексеру/калибрлеу әдістері құжаттарының анықтамалары немесе ата;улары” деген редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада: “Төлқұжат 7 кестені қамтиды” деген сөздер “Төлқұжат 6 кестені қамтиды” деген сөздермен ауыстырылсын. 1-кесте. “Қызмет саласы (өлшеу құралдарының топтары бойынша)” деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада: “Төлқұжат 6 кестені қамтиды” деген сөздер “Төлқұжат 5 кестені қамтиды” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-кесте. “Қызмет саласы (өлшеу құралдарының топтары бойынша)” деген сөздер алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. ИСЕКЕШОВ. ____________________ Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6307 болып енгізілді. * * * Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы 2010 жылғы 19 шілде №170 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 “Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 3), 3-1) – тармақшаларының үшінші бөліміне сәйкес, бұйырамын: 1.  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 “Өтініш–декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) “Заң газеті” газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Бастама бөлімі келесі редакцияда жазылсын: “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 3), 3-1) – тармақшаларының үшінші бөліміне сәйкес”; Келесі мазмазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын: “1-1. ұсынылған өтініш-декларациясының нысаны бекітілсін.” Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өтініш-декларациясын тіркеу ережесінде: 6-тармағы келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: “сәйкестікті растау жөніндегі органына өтініш берушімен ұсынылатын құжаттар, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады, егер ұсынылған құжаттар шет тілінде құрылған болса оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалді расталған аудармасы қосымша ұсынылады.”; 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын: “7. Өтініш-декларациясы сәйкестікті растау жөніндегі органымен көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысан бойынша 1 Қосымшаға сәйкес ресімделеді”. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комиетті Төрағасының 2005 жылғы 27 маусымдағы № 174 “Өтініш-декларациясының нысандарын бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 нөмірімен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ. _____________________ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары-Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі  №170 бұйрығына қосымша Өтініш-декларациясын тіркеу Ережесіне қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі ____________________________________________________________________________ (сәйкестікті растау бойынша органның  атауы, мекен-жайы) ____________________________________________________________________________ КСД № ________________ ӨТІНІШ-ДЕКЛАРАЦИЯ № ____  (қолдану құқығы берілмеген) 200__ж. “__”_________200__ж. “__”_________дейін қолдануға жарамды ____________________________________________________________________________ (кәсіпорын басшысы) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) атынан _____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (Өтінім берушінің атауы,  СТН, (ЖСН*, БСН*)) ____________________________________________________________________________ (мекен-жайы) өзінің тікелей жауапкершілігі атынан ___________________________________________ (өнімнің атауы) СЭҚ ТН/КО СЭҚ ТН коды _____________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (партия көлемі, тауардың ілеспе құжаттары) ___________________________________________________________ әзірленген өнімнің (елі, кәсіпорын атауы, фирмасы) адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны  қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өтініш берген уақытта қолданылатын осы өнімге белгіленген_____________________________________________________________________ (нормативтік құжаттың атауы және белгісі) ___________________________________________барлық талаптарына сәйкестігін мәлімдейді және кедендік ресімдеуден соң өнімді өткізу ісін жүргізбеуді және  өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органда тіркелген күнінен бастап __________________________________________ (бір айдан аспайтын) күн ішінде белгіленген тәртіппен растайды. М.О.                                       Кәсіпорын басшысы _____________________ (қолы, Т.А.Ә) Осы    өтініш-декларация “___” _____________ 200 __ ж. №  ____________________  шарт бойынша ______________________________________________________________________ (сәйкестікті растау бойынша органның атауы) ________________________ тіркелген және бақыланады. Өтінім беруші декларацияланған өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізуден  бас тартқан жағдайда қолданыстағы заңдарға сәйкес шара қолдану үшін  техникалық реттеу және метрология саласындағы өкілетті органның аймақтық органдарына ақпарат жөнелтіледі. М.О.                Сәйкестікті растау бойынша органның басшысы немесе өкілетті тұлға __________________________________________ (қолы, Т.А.Ә) ЖСН*, БСН* – 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6397 болып енгізілді.