07 Қыркүйек, 2010

Балаларға қатысты зорлық болмауы үшін

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2-6 қыркүйек аралығында “Қазақстан Республикасын­да­ғы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы мем­орандум” шеңберінде балаларға қатысты зорлық жасау про­блемаларын зерделеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралар “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімді­лі­гін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жаза­лардың кейбір түрлерін ізгілендіру, сондай-ақ КТУОБОО-дарын білім беру жүйесінің қарамағына беру бөлігінде орындау үшін өткізілді. Қазақстанда балаларға қатысты зорлық жасау пробле­ма­лары туралы аналитикалық есепті әзірлеу үшін әйелдер мен балаларға қатысты зор­лық жасау, балаларды сату мен қанау, қылмыстың   құрбандарына көмек көрсету, балаларды қорғау жүйесі, сот әділдігі жүйесіне қол­же­тімділік проблемалары бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар ЮНИСЕФ халықаралық сарап­шы­сы, Шығыс Кентукки университе­ті­нің профессоры Робин Хаарр ханым шақырылды. Жоспарланған іс-шаралар шең­берінде бейінді министр­лік­тердің басшылықтарымен кездесулер өт­кі­зіл­ді, Астана қа­ла­сының балалар ме­кемелеріне – Кәмелетке толма­ған­дарды уа­қытша оқ­шаулау, бейім­деу және оңалту орталығы мен Ма­ман­дандырылған балалар үйіне сапар жасалынды, балаларға қар­сы зорлық жасау жағдайының алдын алу мен оңтайлану жөнінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес секторға арнап семинар өткізілді. Семинардың қатысушылары әлемдегі балаларға қатысты зор­лық­тың бар болуының халықара­лық стандарттары мен тәжірибе­сі­мен танысуға мүмкіндік алды, сон­дай-ақ Қазақстанда бұл пробле­ма­ны шешу бойынша тиісті әдіс­те­менің әзірленуі талқыланды. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баспасөз қызметі.