07 Қыркүйек, 2010

Тергеу амалдары жүргізілуде

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы жылдың 27 тамызында Бас прокуратураның орталық аппараты ішкі қауіпсіздік қызметінің материалдары негізінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметтік құпияны заңсыз тарату дерегі бойынша Бас про­ку­ратураның департамент бастығы Мұсабеков Мұратқа қа­тыс­ты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуді бас­тады. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172 және 308-баптары бойынша айып та­ғылды.  Қылмыстық іс материалдарының құпия­лылы­ғына байланысты тергеу ісі жабық жағдайда өтуде. 28 тамыз күні Астана қаласының Сарыарқа аудан­дық соты Мұсабековтің тұтқындалуына рұқсат берді. Аталған шешімді Астана қаласының соты қарап, өзгеріс­сіз қалдырды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.