Бәрекелді!
Жастардың былғары қолғап киіп, бокспен жаттығуларына арналған облыс орталығынан арнайы орын ашу туралы ұсыныс облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы болды. Спорттың осы түрімен айналысатындар үшін, әрине, барлық құрал-жабдықтары, жаттығу залы, басқа да қажетті бөлмелері бар шағын кешеннің ашылғаны қуанышты жәйт. Ал, спорттың жастар жақсы көретін осы түрінің облыс бойынша дамуына үлестерін қосып, демеушілік жасап бокс залын пайдалануға берген Данбай Шухрат басқаратын “Павлодар мұнай-химия зауыты” акционерлік қоғамы. Бокс залының ашылу құрметіне Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келіп қатысты. Боксшы өзінің спорттағы жеңіске жету жолы осындай шағын бокс залдарынан басталғанын есіне алды. Айтпақшы, пайдалануға беріліп отырған бокс залы құрылысы келер жылы толық аяқталатын спорт кешенінің бір бөлігі ғана болып табылады. Зауыт басшылығы екі бокс алаңы, 50 орынды көрермен залы, 20 спортшыға арналған қонақ үй бөлмелері бар спорттық кешенді бір жылдан соң іске қоспақшы. Яғни, облыс орталығында өтетін түрлі жарыстарды осы жаңа кешенде өткізе беруге болады, әрі былғары қолғап киіп алып күштерін сынауды жақсы көретін жастар қатары да көбейері сөзсіз. Кешен зауыттың келер жылы аталып өтетін Астананың туған күніне арнайтын сыйлығы болмақшы. Енді біраз уақыттан соң облыс орталығында жарқыраған жаңа теннис кешені де бой көтереді. Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін халқымыздың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысулары қажет деген болатын. Олай болса, осындай жаңа кешендердің ашылуы жұртшылықты отбасымен бірге саламатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықтарын шыңдауға тартатыны анық. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 21:27
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35