07 Қыркүйек, 2010

Мәжіліс бюросы өтті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды. Қаржы және бюджет комитеті Үкіметтен ел бюджетіне қатысты заң жобалары келіп түскенін мәлім етті. “2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы”, “Қазақстан Республикасының Ұлт­тық қорынан 2011-2013 жылдарға ар­налған кепілдендірілген транс­ферт туралы”, сондай-ақ “Респуб­ли­­калық және облыстық бюд­жет­тер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасын­да­ғы 2011-2013 жылдарға арналған жал­пы сипаттағы трансферттердің көле­мі туралы” заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қаралды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне “Қазақ­стан Республикасы мен Корея Рес­публикасы арасындағы Ұстап беру ту­ралы шартты ратификациялау ту­ра­лы” Қазақстан Республикасы за­ңы­ның жобасы бойынша қорытын­ды әзірлеу міндеті жүктелетін болды. “Егемен-ақпарат”.