07 Қыркүйек, 2010

Мәліметтер қайшылығы жоқ

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тек түсініктеме қажет “Егемен Қазақстан” газетінің қыркүйектің 3-і күнгі №358-359 санында жарияланған “Экспорт көлемі – 8 млн. тонна астық” деген ма­қалада келтірілген менің, яғни “Азық-түлік келісім-шарт кор­по­рациясы” ҰК” АҚ-тың ком­мер­ция­лық мәселелер жөнін­дегі басқарушы директоры Дәулет Увашевтың пікіріне түсініктеме қажет. Мақалада АҚШ және ҚР ауыл шаруашылығы министрлік­тері­нің Қазақстандағы астық тү­сі­мі туралы болжамдары кел­ті­ріл­ген. Мысалы, ҚР АШМ биыл жиналатын астық көлемі 13,5-14,5 млн. тонна деген болжам жасаған, ал АҚШ АШМ Қазақстандағы жиналатын бидай көлемін 11,5 млн. тонна деген мәлімет таратты. Менің түсіндірген мәліметтерімде   тек бидайға қатысты айтылған. Ал басқа дәнді дақылдардың өнімін (қара бидай, арпа, күріш және т.б.) қоса есептегенде – шамамен 2,2 млн. тонна. Сондықтан Қазақстан­дағы астық түсімі туралы екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрліктері жасаған болжам бір-біріне сәйкес келеді. Сонымен қатар осы мақалада келтірілген “былтырғыдан қалған астық қоры 3,2 млн. тонна” деген мәліметте тек “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ-тың қоры туралы айтылған. ҚР Статистика агенттігінің ақпараты бойынша еліміздегі ас­тық мөлшері 1-ші шілдеде шамамен 7 млн. тоннаны, ал 1 тамызда 6,1 млн. тоннаны құрады. Мұнда да мәліметтер қай­шылығы жоқ. Қоғамда әр­қилы  пікір тудырмас үшін осы мәліметтерді нақтылап жариялау­ларыңызды сұраймын. Дәулет УВАШЕВ, “Азық-түлік келісім-шарт  корпорациясы” ҰК” АҚ-тың  коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.