07 Қыркүйек, 2010

Ең биік үй пайдалануға берілді

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтауда “Оазис” аталатын 256 пәтерлі тұрғын үй кешені пай­далануға берілді. Бұл үйдің ерекшелігі сол, ол қаладағы 24 қабатты ең биік құрылыс және  121 үлескер қаржысы тартылған нысан. Сондай-ақ облыс әкімі Қырымбек Көшербаев “Green park” атты кешеннің де пайдалануға бе­рілу салтанатына қатысты. Сөйтіп, облыс орталығындағы бітпей қалған нысандар тапсырыла бастады. Облыстық архитектура және қала құрылысы басқармасының бастығы Жалғас Бабахановтың айтуынша, жақын күндері 400-ге жуық үлескерлік құрылыстар – “Нұр үміт”, “Таңшолпан” тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталмақшы. Ал жыл аяғына дейін “Бағыс” ЖШС көппәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру үшін жұмыстануда. Жалпы, 2011 жылдың аяғында үлескерлік құрылыстардың мәселесі оң шешімін таппақшы. Жоламан БОШАЛАҚ. АҚТАУ.