Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Иркутск қаласында ашылған 6-шы Байкал экономикалық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Ресей арасында көптеген экономикалық бағыттар мен жобалар бойынша бұрыннан қалыптасқан және тиімді өзара байланыстар жолға қойылған, деп атап өтті К.Мәсімов пленарлық отырыстың ашылуында сөйлеген сөзінде. Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Анатольевич Медведевтің бүгін ресми сапармен өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатқан Қазақстанда болып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге екіжақты қызметтестіктің нақтылы да практикалық мәселелерін талқылауының өзі нышандық сипатқа ие, деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Байкал экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Үкіметінің басшысы К.Мәсімов РФ Федерация Кеңесі Федералдық жиналысының Төрағасы Сергей Мироновпен кездесті.
Сол сияқты К.Мәсімов Ангарск электролизді химия зауытында болып, “Росатом” атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Сергей Кириенкомен және “АЭХК” ААҚ-тың бас директоры Александр Белоусовпен кездесті.